БРИТАНИЯДАН БІЛІММЕН

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорына үнемі әртүрлі жобаларға, семинарларға, конференцияларға және көрмелерге қатысуды қаржыландыруға байланысты көптеген өтініштер түседі. Ұйым олардың тек өз миссиясы мен қызметіне сәйкес келетіндерін ғана қолдайды. Сондықтан да қор қазақстандық Нұрсұлтан Дюсебаевтың Ұлыбританиядағы көрмеге бару сапарының демеушісі болды.

Бірнеше ай бұрын қордың пошта жәшігіне Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің білім беру ресурстық орталығы қызметкері Нұрсұлтан Дюсебаевтан хат келген болатын.

–Хатта оның британ астанасына, Bett Show (British Educational Training and Technology Show) атты халықаралық көрмеге қатысу сапарын қаржыландыруға өтініш түсті, – дейді қордың жоба координаторы Ильзира Алдагарова. – Нұрсұлтан мен оның әріптестері оқушыларға арналған цифрлық білімдік ресурстарды әзірлеумен айналысады. Олардың өнімдері оқушыларға түрлі пән бойынша оқу материалдарын жақсы игеруге, ал мұғалімдерге білім беру процесінде сандық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрмеде білім беру саласында сандық технологияларды енгізудегі әлемнің жетекші компаниялары жиналатыны белгілі.  Олармен танысу, араласу және біліммен алмасу қазақстандық маман үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. Ш. Есенов атындағы қор Нұрсұлтанның өтінішін қолдауға шешім қабылдап, қаңтар айының соңында ол Лондонға барып қайтты.

– Сапарға аттанбас бұрын менің көздеген мақсатым – бұл компаниялармен байланыс орнату, өңдеушілермен араласу, олардың ресурстарын құру процесі қалай құрылатындығын білу, олардың өнімдерімен, білім беру саласындағы шешімдермен танысып, талдау жасап, қазақстандық білім беру жүйесіне ең үздігін енгізу үшін мейлінше ақпарат жинау – деді грант алушы оралғаннан кейін.  – Көрме өткен 4 күн аз болса да, қойған мақсатыми жете алдым деп айта аламын. Көрмеде жүріп мен көптеген жаңа тегін ресурстармен таныстым, біз әртүрлі саладағы мамандармен мүмкін болатын әзірлемелердің идеялары мен концептілерін де талқылай алдық. Осы сапардың арқасында, мен робототехника мен STEM-білім беруді (ғылым, инжиниринг, технология, математика) дамыту жөніндегі жобалар туралы, сондай-ақ материал жақсы қабылдануына қалай қол жеткізуге болатыны жайлы көп біле алдым, – деп қорытындылады Нұрсұлтан Дүйсебаев.

Көрме кезінде қазақстандық маман 16 компаниямен байланыс орнатты; олардың арасында Discovery Education, TES Global (екеуі де – Англия), Arduino (Италия), Luxrobo (Оңтүстік Корея), The Dutch School (Нидерланды) және басқалары бар.  Н.Дюсебаев қазір кейбір мектептерге енгізілген жалпы білім беретін мектептерге арналған робототехника бойынша курстың авторы. Оның портфолиосына әр түрлі пәндер бойынша сандық ресурстар және қазақ тілін дамыту жобалары кіреді. BETT – жыл сайын өтетін білім беру саласындағы жоғары технологияларды құруға арналған көрме. Бұл жылы оған 900-ден астам ұйымдар мен шамамен 138 елден келген 35 мың адам қатысты.

9.02.17, Жаңалықтар

Көру саны: 173

Другие новости