Халықбек Елшібеков

Мамандығы: физика. Тағылымдама: Korea Astronomy and Space Science Institute, Корея.

Жұлдыз галактикалары Жер бетінен өте қашық аралықта орналасқан, сондықтан да олар біз үшін аспандағы кішкентай ғана нүктелер болып көрінеді. Бірақ осы ғарыш көкжиектері әлдеқайда жақын және үлкен болып табылатын адамдар бар. Солардың бірі – Nazarbayev University-де физиканы зерттеп жүрген 21 жасар алматылық студент Халықбек Елшібеков.

Жұлдыздарға деген қызығушылығыңыз неден басталды? Неліктен астрономия емес  физика? Неліктен физиканы таңдадыңыз?
Бала кезімнен Discovery телеарнасын көруді ұнататынмын, онда ғарыш туралы бағдарламаларды жиі көрсететін. Жер бетін жылу кеселінен ажал құшатынын ойлағанда, тіпті күйзеліске түсетінмін, бірақ, сол кезде-ақ, 11 жасымда, болашақта физик боламын деп шештім. Мектеп кезінде түрлі халықаралық олимпиадаларға табысты қатысып жүрдім, нәтижесінде Nazarbayev University-ге оқуға түсу мүмкіндігіне қол жеткіздім.

Сіз үшін конкурс қалай өтті?
Жеңімпаздар мен көптеген студенттер арасындағы ең үлкен айырмашылық – жеңімпаздар өтінім жіберді. Екінші курста  оқып жүріп, өзімнің конкурсқа қатысу туралы тілегімді білдірген кезімде, табысқа жетем деп еш ойламадым, себебі сол жылы физиктер арасындағы бәсекелестік өте жоғары болды. Алайда, сол жолы финалға өткендердің арасында болмасам да, өз білімімді көрсете алдым. Есесіне, бір жылдан кейін өтінім берген кезде, алдында алған тәжірибем маған көп көмегін тигізді, мен олардың «ойындарын» қалай ойнау керек екенін білдім. Дәл осы себептен барлық екінші курс студенттеріне ешнәрсеге қарамастан өтінім беруді ұсынар едім.

Тағылымдама қалай өтті?
Классикалық теория бойынша, жұлдыз галактика ортасынан алыс болған сайын, оның айналуы да баяулайды, бірақ, ғалымдар жұлдыздардың  айналу жылдамдығын өлшеген кезде, галактика ортасынан қашық орналасқан жұлдыздар ортасына жақын тұрған жұлдыздар сияқты жылдам айналатыны анықталды. Міне, сондықтан да, мен Кореяда галактикалардағы жұлдыздардың қашықтыққа байланысты айналу жылдамдығын тәуелділігін алу және теорияның шынайылығын бағалау мақсатында Кембридж университетінің эгидасымен өтетін MaNGA галактикаларды зерттеу жөніндегі ірі халықаралық ғылыми жобасы ұсынған деректерді өңдедім.

Сіз тағылымдама кезінде нені үйрендіңіз?
Тағылымдама кезінде мен машиналық оқыту әдісін зерделедім және қолдандым. MaNGA алған деректерге негізделе отырып, мен тағылымдаманың бірінші аптасында-ақ кодты нөлден бастап жазып, олардың нәтижелерін қайта жасай алдым. Демалыс күндерсіз істедім, және мен табысқа жеттім. Алған нәтижелер басқа елдердегі осындай зерттеу топтарының нәтижелерінен әлдеқайда дәлірек шықты. Мен біздің заманымыздың ұлы физиктерінің бірі – Алексей Старобинскийге арналған конференцияға қатыстым, және де осы адаммен Барлық дүниенің теориясы саласындағы жақын арада қол жеткен жетістіктерді, және, әрине, менің жұмысымның нәтижелерін талқылау мүмкіндігіне ие болдым. Профессор Старобинский алдағы 5 жылда көптеген жаңа телескоптар мен жерсеріктердің құрылып, іске қосылатынын айтты, бұл өз кезегінде керемет жаңалықтарға апаратын деректердің орасан зор ағынына жол ашады. Сондай-ақ, мен икемді болуды және ұдайы өзгеріп тұратын зерттеулер нәтижелерін меңгеруді үйрендім. Ғылымда көбінесе былай болады: бір нәрсені күтіп жүрсең, мүлде басқа дүние шығып жатады. Әр кез бір нәрсені ойлап табу, шешімдер іздеу қажет болады.

Сіз өзіңіздің келешек өміріңізді қалай жоспарлап отырсыз?
Астанаға қайтып келгеннен кейін өзімнің жобамның басшысы, Корея Астрномия және ғарыш туралы ғылымдар институтының профессоры Арман Шафиелломен қашықтан жұмыс істеуді жалғастырып келемін, бір өте алыс галактиканың деректерін өңдеймін.  Бұл галактикалар туралы ақпарат өте аз, және  біз жүргізіп отырған зерттеулер ғажайып құпиялы материя табиғаты туралы көбірек білуге көмектеседі деп ойлаймын. Кореядағы ең қуатты суперкомпьютерлердің бірін пайдаланамыз. Жақын арада мен және Арман жасаған жұмыс туралы мақала шығады. Қазіргі уақытта менің барлық ойым-мақсатым –  докторантураға құжаттар тапсыру. Үздік университетке оқуға түсіп, осы ғажайып дүниені зерттеуді жалғастырамын деп үміттенемін.

25.10.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 143