ШӘКІРТАҚЫ ФИНАЛЫ

30 мен 31 наурыз аралығында Алматы қаласында Есеновтың шәкіртақысына үміткерлер байқауының ақтық сыны болып өтті. Байқауға жалпы саны 301 өтінім келіп түсті, ал оның 20 жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар Қазақстанның 9 жоо студенттері. 1 сәуірден бастап олар өздерінің негізгі шәкіртақыларына қосымша ай сайын 25 000 теңге алатын болады.

Сәуір айының басында Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры шәкіртақы бағдарламасының 20 жеңімпазының аттарын жариялады. Байқауға жалпы саны 301 студент қатысып, оның 40 ақтық сынға дейін жетті.

— Жеңімпаздардың көп бөлігі – 15 — Алматы және Астана қалаларының жоо білім алып жатыр. Тізімде, сонымен қатар, Қарағанды, Петропавл және Семей қалаларының өкілдері де бар. Шәкіртақы иегерлерінің көп бөлігі — 13 — қыздар қауымы, — деп Есенов атындағы қордың бағдарламалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов атап өтті.

Есенов шәкіртақысының 2018 жылғы иегерлері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде және Сатпаев университетінде, Қарағанды техникалық университетінде және Назарбаев университетінде, Қозыбаев атын. Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде (Семей) білім алып жатқан студенттер. Алғашқы рет жеңімпаздар тізімінде Алматы энергетика және байланыс университетінің және  AlmaU студенттері бар. Осы жылғы байқау жеңімпаздары компьютерлік ғылым және ғарыштық техника, металлургия және химия, ақпараттық жүйелер мен биологиялық ғылым, математика және ядролық физика, геология және пайдалы қазбаларды барлау және машина жасау бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттер.

Байқаудың кейбір қатысушылары аталмыш байқауда бақтарын бірнеше рет сынап көреген студенттер. Ал, Назарбаев университетің студенті Алтын Желамбаева осымен үшінші рет осы байқауда бағын сынап отыр. Осы жолы ол өткен тәжірибесіне сүйене отырып, жіберген қателіктерін түзетіп, білімін арттырып –  жеңіске жетті. Байқау шарттарына сәйкес жеңімпаздардың жарқын жетістіктері болу керек. Мысалы, Альмира Жантұяқова өткен жылдың қараша айында Бостон қаласныда MIT өткен, 44 елден жалпы саны 310 команда қатысқан, International Genetically Engineered Machine Competition (iGEM) байқауында қазақстандық команданың құрамында   алтын медальды қанжығасына байлады. Альмираның командасы балдырларды генетикалық түрлендіру негізінде уытты хромды тазарту жүйесін құрастырды. Студенттер «Казхром» компаниясымен бірлесе отырып оның батыс-қазақстандық өндіріс орындарында жаңа өнертабыстарын енгізу мақсатында ынтамастықта жұмыс жасауда.

Шәкіртақы бағдарламсының осы күнге дейін өткізілу кезінде (2013 жылдан бастап) 50 жас қазақстандықтар Есенов шәкіртақысының иегері атанды. Бағдарламаның бес жылғы бюджеті 15 миллион теңгеден астам.

Анықтама:
Академик Шахмардан Есенов өмірден озғаннан кейін оның жұбайы Камиля Қарабалаева болашақ геолагтарды, Қ.Сәтбаев атын. ҚазҰТУ-дың талантты студенттерін қолдау үшін екі шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақы университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен тағайындалып отырды.
2013 жылы Ғалымжан Есеновтың және Айжан Есімнің бастамасымен қор құрылғаннан кейін – бағдарлама Шахмардан Есенов атын. қорға берілді.
2015 жылдан бастап шәкіртақы республикалық дәрежеге ие болды. Бағдарламаға қазақстандық жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ақпараттық технологиялар және медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттер қатыса алды.

9.04.18, Жаңалықтар

Көру саны: 165

Другие новости