«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ» АЯҚТАЛДЫ

«Тілектер шыршасы» акциясы өткізілген алты жыл ішінде 150 бала жаңа жылдық силықтар  алды. Осы жылғы акцияның финалы бүгін 13 қаңтар күні Мүгедек балалар ата-аналарының  қауымдастығында  өтті (АРДИ).

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Академик Шахмарданов Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының Komanda SOS тобы. Акцияның мәнісі жыл сайын еріктілер тобы бірқатар себептерден қуаныштан жұда балаларға қайырымдылықпен сыйға тартылған сыйлықтарды тапсыру. Өткен жылдары бұл есту қабілеті төмен балалар, баларлар үйінің тәрбиеленушілері, көп балалы отбасылар, Special Olimpics спортшылары және де туберкулезбен ауыратын балалар болған.

Бұл жылы Komanda SOS еріктілері мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығында сауықтыру курстарынан өтіп жатқан балаларды таңдап алды. Жобаға әр-түрлі БМС формаларымен ауыратын 2 мен 15 жас аралығындағы 25 бала қатысты. Балалардың барлығы өз бетінше қозғала алмайды, көп бөлігі сөйлей алмайды және де көбісі – тұрмыс жағдайы төмен отбасының балалары. Балалардың суреттері, аттары, жасы және де жаңа жылдық тілектері «Спутник» сауда-ойын-сауық кешенінде және VoxPopuli.kz арнайы репортажында жарияланды.

«Тілектер шыршасы – 2016» аясында балаларға сыйлықтарды алуда алматылық кәсіпкерлер – халықаралық Ротари Клубының алматыдағы мүшелері жәрдемдесті. Сондай-ақ балалардың тілектерін орындауда жеке қайырымдылық жасаушылар да (шетелде тұрып жатқан отандастар да бар), сонымен қатар БМС-мен ауыратын балаларға арналған арнайы велосипедтер сыйлаған AlmatyBroTeam ұжымы да белсенді атсалысты.

Акцияға бей-жай қарамай атсалысып, ерекше балалардың тілектерін орындауда көмек көрсеткен барлық қазақстандықтарға Команда SOS тобы өз алғысын білдіреді. Балалардың өмірі шаттыққа және қуанышқа тола түскеніне сенімдіміз.

АРДИ (Мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы) ортақ тағдырмен біріккен және балаларына көмектесуге ниеттенген ынтагерлер тобымен 1991 жылы құрылған. Бұл қабілеті шектеулі балаларға және жастарға арналған Қазақстандағы алғашқы бейкоммерциялық ұйым. Бүгінгі күнде ұйым әр-түрлі диагнозбен балаларын бағып отырған 537 отбасына қамқор болып отыр.

14.01.16, Жаңалықтар

Көру саны: 143

Другие новости