Ю.МАКСИМАЙНЕН ЖӘНЕ Ғ.ЕСЕНОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАР»

Наурыздың 18-ші жұлдызында Қазақстанның жетекші бизнес университеттерінің бірі — AlmaU-де (бұрынғы ХБА) өзгеше дәріс өтеді. Дәрісті бірлесе екі бірдей кәсіпқой өткізбекші – Юкка Максимайнен, McKinsey & Company консалтинг компаниясының Қазақстандық офисінің басқарушы серіктесі және Ғалымжан Есенов, АТФБанкінің Директорлар кеңесінің төрағасы, Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының құрылтайшысы.

Студенттерге арналған лекцияның тақырыбы  — “KPIs in practice and Performance Management: Local and Global Best Practices” («Нәтижеліліктің іс жүзіндегі тұтқалы көрсеткіштері мен сапалылықты басқару: ең озық жергілікті және әлемдік тәжірибелер»).

Ғалымжан Есеновты бизнесті оқып-үйреніп жүрген қазақстандық студенттерге таныстырудың қажеті шамалы. Ол – «Еуразиялық нарық институты» экономика және басқару Академиясының түлегі; Лондондық бизнес және қаржы мектебінің MBA дәрежесінің иеленушісі; бизнесті басқаруда он бес жылдық тәжірибесі бар, өндірістік компанияларда басшылық етумен қатар DeltaBank-інің Директорлар кеңесін басқарды; «Alliance» және сақтандыру «Альянс Полис» компанияларының Директорлар кеңесінің Төрағасы болған тұлға. Есенов мырза YPO Kazakhstan (Young Presidents’ Organisation) мүшесі және «Ана үйі» қайырымдылық қорының қатысушысы.

Юкка Максимайнен Қазақстанда 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның портфолиосына ресурс секторындағы жаһандық компанияларда және ұлттық әл-ауқат қорларындағы жұмыс өтілі кіреді. McKinsey ұйымында 2006-жылдан істейді. Еңбек жолында барлық алты құрлықта іске асырылған 60-тан астам жобаларға қатысты. Юкка ұлттық және әлемдік мұнай және тау-кен өндіру компанияларында да еңбек еткен. National Business журналына берген сұхбатында ол білім алушыларды оқытуға деген мүдделілігіне, «McKinsey — өзге бағыттардың қатарында білімді күшейтуді көздейтін, өз зерттеулерімен және білімге инвестиция жасаумен айналысатын халықаралық компания» -деп түсінік берді. Юкка Хельсинки технологиялар университетін аяқтаған; тумысы – финн; ағылшын, швед және неміс тілдерін меңгерген, аздап орысша да әңгімелеседі.

Лекция AlmaU-дің менеджмент факультетінің екінші курс студенттері үшін ағылшын тілінде өтеді. Ұйымдастырушылар лекция уақытының 50 пайызын сұрақ-жауаптарға арнамақшы, ал сол арада барлық қатысушылар лекторларға толғандырып жүрген сауалдарын қоя алады.

17.03.16, Жаңалықтар

Көру саны: 143

Другие новости