Кирилл Климашенко

Мамандығы: басқарудағы ақпараттық жүйелер. Ағылшын тілі бағдарламасының қатысушысы.

Петропавл қаласында туып-өскен Кирилл Климашенко небәрі 19 жаста, алайда ол IELTS-ті 7.0-ге сәтті тапсырды. Бұл оған өзі студент болып табылатын Kozybayev University-дегі ағылшын тілі бағдарламасының аясында мүмкін болды. Қазіргі жас қазақстандық екінші курста білім алып жатыр және де бүгінгі таңда сұранысқа ие IT саласында мамандықты игеруде.

Неліктен дәл осы білім саласын таңдадыңыз?
Компьютер саласымен ерте жастан танысып, білімімді біртіндеп тереңдете бастадым. Менің қаламда University of Arizona-мен бірлесіп екі дипломдық бағдарлама басталғанын білгеннен кейін, мамандық таңдаудағы күмән – Ақпараттық жүйелер – түпкілікті жойылды. Шешім қабылдадым және оны іске асырдым.

Қалай бағдарламаның қатысушысы болдыңыз, неге дәл Сізді таңдады?
Ағылшын тілін растау үшін әлемдегі көптеген университеттер IELTS немесе TOEFL сияқты халықаралық сертификатты талап етеді. Бізге Есенов қоры есебінен IELTS емтиханын тапсыруды ұтып алу мүмкіндігімен ағылшын курстарына өтінімдер жинап жатқаны туралы хабарланды. Сондықтан да, байқауда жеңіске жетемін деп ойламастан, бағымды сынап көруді шештім. Нәтижесінде, күш-жігер жұмсап, эссе жазу кезінде түпнұсқалық дәлелді қолдана отырып курсқа қабылдандым және де нәтижесі мені таң қалдырды: ана тілінде сөйлейтін оқытушылардан бір жыл бойы біліп алып қана қоймай, сонымен қатар IELTS-ті сәтті тапсырдым.

Ағылшын тілін қалай қолдануды жоспарлап отырсыз, Ол сізге не үшін қажет?
Түпкі мақсатым мен арманым – ағылшын тілінде сөйлейтін елде білім алу және жұмыс істеу. Сонымен қатар, Қазақстанда да тілді білу мамандар үшін жақсы перспективалар ашады немесе, ең болмағанда, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ, шет тілдерін үйрену ойлау қабілетіне оң әсер етеді. Мен үшін әрқашан дубляжға қарағанда қызықты болатын түпнұсқа дауыстық фильмдерді көру мүмкіндігін айтпағанда.

Оқу барысы қалай өтті?
Оқу барысында біз өзінің ана тілінді ғана сөйлейтін оқытушылармен көп сөйлестік. Күнделікті және сабаққа қатысты тақырыптар ғана емес, сонымен қатар философиялық, мәдени және тарихқа қатысты мәселелер талқыланды. Оқытушы менімен тек ағылшын тілінде сөйлесетін. Менің деңгейіме сәйкес оқулықтар бойынша білім алдық. Көптеген практикалық сабақтар болды. Ауызша да, жазбаша да сөйлеуді дамыттық, үнемі эссе жаздық және тыңдау жаттығуларын жасадық. Әрине, бізде тесттер де болды.

Сіз ағылшын бағдарламасының үздік студенттері арасында IELTS тапсырдыңыз…
Ия, алайда нәтижеге жету жолы оңай болған жоқ. Ағылшын тіліне қабылдау тестілеуі мені Upper-Intermediate тобына анықтады. Уақыт өте келе advanced тобына ауыса алдым. Семестрдің соңына қарай IELTS-ке дайындалу үшін арнайы оқулық бойынша оқыдық. Тестілеу күніне аз уақыт қалғанда осы емтиханның сынақ нұсқаларын тапсыра бастадым және ақырында емтихан тапсырғаннан кейін мүмкін болатын 9 ұпайдан дәл 7 ұпай жинадым.

Кирилл, осы академиялық оқу жылында не істеп жатырсыз және алдағы екі жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Қазір инженерлік және цифрлық факультеттің екінші курсында оқып жүрмін. Өз мамандығымызға (Ақпараттық жүйелер) тікелей байланысты пәндерді оқуды бастадық. Сонымен қатар, жазбаша дағдылар бойынша тестілеуден өткендер академиялық ағылшын курсын бастайды. Ал, алдағы 2-3 жылға арналған жоспар тек біреу ғана – тынбай білім алу.

Ағылшын тілі бағдарламасы сізге мақсаттарыңызға жетуге көмектесті ме?
Менің ойымша, ол маған тіл үйренуде ғана емес, басқа мәдениеттің өкілімен қарым-қатынаста да құнды тәжірибе берді. Магистратураға түсер алдында тағы да ағылшын тілін үйренуді жоспарлап отырмын.

Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Хоббиім – компьютерлік ойындар. Ағылшын тіліндегі сериалдарды көргенді ұнатамын. Мен үшін ең қызықтылары «Во все тяжкие» және «Игра престолов». Достарыммен серуендегенді ұнатамын. Өкінішке орай, соңғы уақытта кітап оқымадым, алайда өзім үшін қызықтысын тапқаннан кейін оны түзетуді жоспарлап отырмын.

Байқауларда өз күштерін сынап көруден, өтінім беруден және т.б. тартынатын құрдастарыңызға қандай кеңес бере аласыз?
Мұндай адамдарды жақсы түсінемін, өйткені өзімді және өз мүмкіндіктерімді жиі бағаламай жатымын. Бұл мамандыққа немесе ағылшын бағдарламасына түсе аламын деп ойлаған емеспін. Мүмкін, менің жолым болған шығар, алайда егер мен тырыспасам, онда ештеңе болмас еді. Сондықтан да, менің кеңесім – берілген мүмкіндіктерді пайдалану, өйткені сәтсіздікке ұшыраған жағдайда сіз ештеңе жоғалтпайсыз.

16.10.23, Жетістік тарихы

Көру саны: 563