Дарья Михайленко

Мамандану: электрондық және электротехникалық инженерия. Тағылымдама: Purdue University, АҚШ.

Пердью Университеті – АҚШ-тың ең беделді зерттеу орталықтарының бірі. Бұл лайықты жоғары оқу орнында әлемнің 120-дан астам елінен келген студенттен білім алады. Мұнда Қазақстаннан келген жастар да бар. Дарья Михайленко электротехникалық инженерияға маманданады, ол академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының грантын жеңіп алып, профессор Каушик Ройдың жазғы тағылымдамасынан өтті.

Мұндай жігерлі қыздың бір қарағанда жалықтыратын ғылымдарға деген қызығушылығы қайдан келді?
Тіпті қызықсыз теңдіктердің де артында бүкіл әлемнің түсінігі жатыр. Білесіз бе, физика мені бала кезімнен бастап қызықтырған болатын. Мен әрдайым табиғи құбылыстарға қызығушылық танытып, «Біз неге жауыннан кейін кемпірқосақты көреміз?» немесе «Тартылыс  деген не, және менің қолымнан неге бәрі түседі?» деген сияқты сұрақтармен ата-анамның мазасын алатынмын. Бұл ғылым менің әлемге деген  түсінігімді ашты, сондықтан мен оны ешқашан жалықтырады деп есептеген емеспін. Бірақ мені ойшылдан гөрі, әрекет етуші деп айтқан дұрыс, сол себепті мен инженерияны таңдадым. Мұнда, физиканы біліп, таңғажайып зерттеулерді жасауға болады. Міне, мен де қоғамға прогресс әкелетін «супер команданың» бір бөлігі болғым келеді.

Грантқа арналған конкурстан сіздің есіңізде не қалды?
Екінші кезең. Әдетте сұхбат не болып саналады? Өткір, сыни көзқарастар, теріс жауап беремін деген қорқыныш, күйгелектік, стресс… Мен конкурс өтіп жатқан кабинетке кірген кезде, мұндағы атмосфераның жылулығын бірден сезіндім. Мұнда барлығы сен іріктеуде екеніңді ұмыттырып, тапсырмаларды рахаттанып жасайтындай, қызықты ойын түрінде өткізілді. Жалпы алғанда, мен қатал сұхбаттасуға бет алдым, ал келген жерім мені жеңімпаз етіп шығарған қызықты әрі позитивті іс-шара болып шықты.

Тағылымдамада немен айналыстыңыз?
Электрлік тізбекте паразиттік токтарды зерттедім (токтың тізбектегі қажетсіз жолмен өтетін және бүкіл жүйенің өнімділігін төмендететін бір бөлігі). Тізбек нейрондық қосылыстардың (artificial intelligence) жасанды моделін құрастыру үшін пайдаланылды. Паразиттік токтардың салдарынан үлкен нейронды жүйе теріс шешім қабылдауы мүмкін, және, тиісінше – нәтижесі де осындай болуы мүмкін.

Сіз не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Зерттеудің қойған мақсаттарына. Мен паразиттік токтың жүйенің өлшемінен тәуелділігін анықтап қана қоймай, сондай-ақ оның әсер етуін есепке алу қаншалықты маңызды екенін атап өттім. Расында, тағылымдаманың нақты нәтижелері жоспарланған нәтижелерден ерекшеленеді. Бастапқыда жоспар мынадай болды: мен нейронды жүйенің үлкен шынайы моделін тек қана құрастырамын және оның жұмысының нәтижелерін математикалық модельмен салыстырамын. Бірақ бұл мақсатты мен тағылымдаманың ортасында қол жеткізе алып, одан әрі әрекет еттім. Паразиттік токтың әсер етуін азайту тәсілін таба алдым.

Енді бұдан әрі не істейсіз, Даша?
Америкалық зертханада жұмыс істеу барысында менде бір идея пайда болды. Мен білім алған Назарбаев университетінен профессорлары Джеймс және Рой мырза маған таяудағы жылға арналған іс-әрекеттер жоспарын құруға көмектесті. Мен Пердью Университетінде бастаған істерімнің зерттеуін жалғастырып жатырмын. Жұмыстардың нәтижелері басқа зерттушілерге олар құрастырған нейронды желілердің модельдерінде паразиттік токтың әсер етуін нақтырақ есепке алуына жәрдемдеседі. Бұл заманауи ғылымды адамның миы қағидасы бойынша жұмыс істейтін суперкомпьютерлерді жасауға бір қадам жақындататын болады. Менің тіпті IEEE желісі журналдарының біреуінде жарияланымға шығуға дайындалып жатқан нәтижелерім де бар. Мен бұл мақаланы Италияда мамыр айында болып өтетін электрлік тізбектер мен жүйелер бойынша халықаралық симпозиумға ұсынуға барамын (The International Symposium on Circuits and Systems). Бұдан басқа, мен бұл материалмен Сан-Францискода маусым айында болып өтетін автоматтандырылған жобалау бойынша конференцияға қатысуға өтінім жібердім (IEEE DAC), және де ғылыми журнал үшін нанотехнологияларға және жасанды зиятқа арналған үлкен мақала әзірлеп жатырмын. Кейбір жетекші университеттерге докторантура бағдарламасына құжаттарымды тапсырдым. Жазғы тағылымдаманың арқасында менің оларға қабылдану мүмкіндіктерім арта түсті.

 

 

11.02.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 150