Дарья Белявская

Дарья 21 жаста және ол С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті. 2016 жылдың қыркүйек айында ол Tufts университетінің энергия метаболизмның зерттейтін зертханасында профессор Сьюзан Робертс басшылық еткен тағылымдаманы аяқтады.

1. Сіз өзіңіздің мамандануыңыз ретінде, жалпы медицинаны қалай және неге таңдадыңыз?

Бұл мен үшін күрделі шешім болды. Мен ақ халатты абзал жандардың бірі болғым келді. Терапевт болу? Жоқ. Зерттеулерді жасап, ғылыми жаңалықтарды ашатын ғалым болуды армандадым. Және де медицина – мұнда менің арманым жүзеге асырыла алынатын тамаша сала екенін түсініп, өзімді сендіру үшін, маған көп уақыт қажет болды. Тағы да айтарым: менің университеттегі әрбір күнімді мен түсінемін және осыны өзіме қайта-қайта дәлелдеймін.

2. Есенов атындағы қордың грантына арналған конкурста ең қиын болған нәрсе?

Конкурс туралы мен өзімнің профессорым Айгүл Сапаргалиевадан білдім. Менің тырысып көруім және өтінім беруім тұрарлық іс екеніне сенімділік берген де осы жан. Екінші тур мен үшін қиын сынақ болды, өйткені оған бірсыпыра зияткерлік тұрғыдан шыңдалған студент келіп қатысты. Конкурстан кейін сонымен қатар америкалық визаны алу бойынша белгілі бір қиыншылық болды. Осыған қарамастан, мен өзім ешбір жағдайда әр кезде жақсы бола алмайтын жеңіл шешімдердің пайдасына таңдау жасамай-ақ, ешқайда бұрылмай, әрдайым мақсатыма қарай тура жүруге тиіс екеніме тұжырым жасадым.

3. Тағылымдамада қызықты болған нәрселер?

Зертханада жұмыс істеу басталмас бұрын мен біліктілік туралы тиісті сертификат алдым (CITI). Ол маған америкалық зертханада ғылыми тағылымдамадан өтуге құқық береді. Мен көптеген зерттеулер бойынша деректерді, осы жұмыстардың хаттамаларын зерттедім. Ең қызықтысы, калорияларды өлшеу бойынша техникамен (Bomb Calorimetry) жұмыс істей отырып, тәжірибені алудан басқа, мен «Бірыңғай әлемге арналған тамақтану» атты зерттеуде өзімнің өнерлік/көркемдік дағдыларымды да қолдана алдым. Нәтижесінде оқытушылар үшін мақсаты кішкентай балалардың тағамдық әуестіктерін жақсарту болатын, жақсы оқу жоспары болып шықты.

4. Сен үшін тағылымдаманың басты нәтижелері қандай болды?

Ең инновациялық жабдығы бар зерттеу командасымен бірге таңғаларлық жұмыс тәжірибесі менің кәсіби дағдыларымды жақсартуға көмектесті. Мен өзімнің білімдеріме сенімді болдым, өзімнің креативтілігімді көрсеттім, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларымды арттырдым, тағылымдама аяқталған кезде менің ғалым ретінде одан әрі дамуға ниетім пайда болды. Мен бұл тағылымдаманың арқасында кәсіби тұрғыдан өстім. Әрине, жеке тұрғыдан бұл да бір ұмытылмас жаз болды: мен америкалық мәдениетпен таныстым, менің профессорларым Сюзан Робертс пен Сай Крупа Дасты қоса алғанда, көптеген қызықты адамдарды кездестірдім.

4.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 149