Данат Иса

Тараздың 4-курс студенті  байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының грантын жеңіп алды. Данат Иса 2017 жыдың жазының 3 айын Принстон университетінің астрофизика факультетінің зертханасында өткізді.

Данат Иса Данат, қазір сіз 21 жастасыз, астрофизикамен айналысатыныңызды қашан түсіндіңіз?
Бала кезімнен мені ғарыш әлемі қызықтыратын, бастауыш мектептегі ғылыми жобаларымның бәрі дерлік ғарыштық құбылыстарға арналған. Мен, тіпті, Галилей секілді екі лупадан үлкейткіш құбыр жасауға тырыстым. Жоғарғы мектепте  физика пәнінен олимпиадаға дайындалумен әуестендім. Nazarbayev University түскен кезде пазл түпкілікті қалыптасты.

Қордың байқауыан өту барсында қандай қиындықтар болды?
Тағылымдама бағдарламасына екінші курста оқып жүргенде тасырдым. Ол кезде мен жеңіске жетпедім, алайда, өтінімді қалай тапсыру керек, екінші кезеңге қатысу сияқты баға жетпес тәжірибелер алдым.  Жеңілістен кейін мен алдағы оқудан не қалайтыным және де оған қалай қол жеткізу керектігі жайлы көп ойландым. Сондықтанда,  үшінші курста өтінімді аталмыш байқауға қайта тапсырғанда, бәрі ойдағыдай өтті.

Тағылымдама кезінде немен айналыстыңыз?
Күні бүгінге  дейін шешімін таппай келе жатқан мәселе,  жаңа жұлдыздардың жарылысы қалай және неліктен болады деген сұраққа жауап іздеумен айналыстым. Бір нәрсе ғана анық: бұл үдерісте нейтрино бөлшектері үлкен рөл атқарады. Бүгінгі күнде ғалымдар нейтринолар жұлдызды заттармен қалай әрекеттесетінін есептеу мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Менің жазғы тапсырмам осы есептеулер үшін Монте-Карло әдісін (Монакодағы казино құрметіне аталған)  қолданып үйрену болды. Қазіргі таңда, Nazarbayev University  студенттер тобымен мен Америкада бастаған компьютерлік кодты әзірлеумен айналысып жатырмыз.  Принстон университетіне біздің зерттеулер, ал бізге олардың есептеу қуаты қажет болды. Сондықтан да, ынтымақтастық өзара тиімді.

Принстондағы үш айда қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
Мен Fortran бағдарламалау тілін оқып білдім, Cactus-пен (бұл бағдарламалық құралдар жиынтығы) жұмыс  жасау негіздерін меңгердім, ондаған ,ғылыми мақалаларды оқып шықтым. Маған кәдімгі үстел компьютерлерінен ондаған есе өнімдірек компьютерлерде жұмыс жасауға мүмкіндік туды. Бұған қоса Принстондағы астрофизика факультеті мені бакалаврларға арналған ғылыми зерттеулердің жазғы бағдарламасына қосты. Сонымен қатар, ғарыштық бақылау сферасындағы  және оған байланысты облыстарындағы жетекші зерттеушілердің дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алдым.

Тағылымдама кезінде ғылымнан басқа қандай қызықтар болды?
Принстон Нью-Йорк және Филадельфия арасында орналасқан, сондықтан біз екі қалаға да экскурсияға бардық. Американың тарихы жаратылған жерлерді көрдік. Голливуд фильдерінен білетін тамаша көріністер мен панорамаларды айтсаңшы?! Екі апта бойы мен кампустан тысқары жалға берілетін пәтерде әр түрлі елдер студенттерімен тұрдым, кейін жатақханаға көштім. Кешкілік уақытында студенттер және профессорлармен әр түрлі тақырыптарда әңгіме қозғадық, және бұл өте танымды болды. Маған олармен әңгімелесу өте ұнады – олардың барлығы талапкер жас ғалымдар. Біз қазір де достық қарым-қатынастамыз.

Содан кейін?
Менің америкалық кураторым Бэрроузбен уағдаластық бойынша мен енді  жобамен жұмысты қашықтықтан жалғастырып жатырмын.  Біздің  түпкі мақсатымыз – асқынжаңа жұлдыздың жарылыуы физикасын симуляциялауға арналған құралды жасап шығару. Бірақ оның жүзеге асуына әлі шамамен бірнеше жыл бар. Біздің университет жақын арада жаңа жоғары өнімділікті есептеуіш класстер ашуды жоспарлап жатыр, осында  мен Америкадағы тағылымдамада алған машықтарды қолданатын едім, ал біздің университет зерттеуді шет елдің көмегінсіз жасауға мүмкіндік берер еді. Бұл жоба менің дипломдық жобам болып, шетелдік университеке докторонтураға қабылдауға салмақты дәйек болатынына үміттенемін.

 

 

11.12.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 152