«ЕСЕНОВ ОҚУЛАРЫНЫҢ» ТӨРТІНШІ МАУСЫМЫ АРТТА ҚАЛДЫ
«Есенов оқулары» – академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қонақтық дәрістерінің төртінші маусымы өз мәресіне жетті. Алматы және Астана қалаларының 1300 жуық оқушылары осы академиялық жылда өз салаларындағы жетекші сарапшылармен кездесті. 13 дәрісте 15 оқытушы тыңдаушылармен өздерінің кәсіби және адамгершілік құпияларымен бөлісті.
Маусым қорытындылары туралы сұрақтарды біз қор жобаларының үйлестірушісі Григорий Лиге қойдық.
Қалай ойлайсыз, маусымды табысты деп санауға болады ма және неліктен?
Иә, сөзсіз. Біз «Есенов оқулары» шеңберінде ҚМЭБИ және Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті сияқты, біздің ойымызша ауқымы мен география жағынан қызықты болып табылатын университеттермен алғашқы рет бірлесіп қызмет атқардық. Тағы екі дәріс мемлекеттік тілде өтті. Бұл ретте, бірінші дәріс барысында аудиторияның сұранысы көп түсетін (әсіресе әйелдер қауымы) тележүргізуші және продюсер Ләйлә Сұлтанқызы болды. Оны тыңдауға 140 аса адам келді. Ал сұрақ-жауап секциясы басталған кезде мен тіпті біздің мұнда кем дегенде екі сағатқа кешігетінімізді түсіндім. Манчестер университетінің PhD кандидаты биолог Жалғас Серімбетов те өз ойын тамаша жеткізді. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тыңдаушыларына ол дәрілер өндірісіндегі ферменттердің рөлі туралы әңгімелеп берді. Тағы екі кездесу ағылшын тілінде өтті. Біріншісі, Швециядан келген сату жөніндегі менеджер Мадлен Селандер болса, екіншісі, химия дәрісі бойынша PhD кандидаты Алмагүл Жанайдарова өткізді.
1300 тыңдаушыны қамтыған аудитория – жақсы көрсеткіш, бірақ кездесулерге келе алмағандар не істейді?
Дәрістердің құндылығы шын мәнінде жоғары, себебі біз мұндай шараларға өз тәжірибесімен, өз саласындағы соңғы жаңалықтармен және лайфхактармен бөлісетін жоғары деңгейдегі кәсіпқойларды шақырамыз. Сондықтан да, біз «Есенов оқуларының» барлық дәрістерін видеоға жазып, өңдеп, интернет желісіне орналастырамыз деп шештік. Дәрістер дайын болғаннан кейін біз тизер, содан кейін оларға сілтемелер де береміз. Барлық «Оқулар» біздің YouTube-каналымызда сақталады. Кез-келген адам өзіне ыңғайлы уақытта каналға кіріп, өзін қызықтырған материалды қарауға мүмкіндігі бар.
Бұл қалай: сіздерде 13 кездесу өтті, ал дәріс оқушыларының саны 15? Яғни, қандайда бір кезекті «Оқуларда» 1 кәсіпқойдан артық сөз сөйлегені ғой?
Иә, солай болды. InterTest білім беру орталығы бізді ҚМЭБИ-де FindYourWay жобасы бойынша дәріс оқуға шақырды. Мақсатты аудитория – 9-11 сыныптарының оқушылары. Біз, ойластыра келе, оларды негізгі пән ретінде қандай пәнді таңдағанына қарамастан, табысқа жетуге болатындығын көру қызықтырады деп шештік. Сондықтан, біздің әлемдік зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламамыздың бірден бес қатысушысына уәждеуіш болуға және де жоғары сынып оқушыларының ынталарын ояту ұсынылды. Әрқайсысына 10 минуттан беріліп, нәтижесінде оқушылар осындай әрекеттерден олардың алдында бір кәсіптің өкілі бір сағаттай сөйлегенмен салыстырғанда, көбірек ақпарат алды. Соңында сұрақтар көп болды, және де біз балалардың тыңдаушыларға өз өмірінде қандай да бір жарқын әрекет жасауға, қолды қусырып отырмай, алға жылжуға шабыттандырғанын түсіндік. Ал бұл – ең бастысы.
Сіз осы маусымдағы кімнің дәрістерін дәріс оқушы сияқты осы салада жұмыс істеуді жоспарлап отырғандарға және осы өмірде өз орнын іздеп жүргендертүшін көруді ұсынар едіңіз?
Біреуін нақты белгілеп айтқан, әрине, қиындау болады. Бірақ, мысалға, мен өзім үшін «АТФ Банк» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Коваленканың әңгімесінен көп ақпарат алдым. Оның тақырыбы – «Бизнес қандай адамдарды іздейді?». Бірақ бұл әңгіменің ішінде, біріншіден, жақын болашақта жұмыссыз қалмау, екіншіден, сүйікті ісіңді таңдау және өмірден рахат алу үшін білу керек құпияның барлығы бар. Және де, егер ісіне берілген адамдар туралы айтатын болсақ, осы маусымда өзінің сөз сөйлеуінде жарқын үлгі көрсеткендер арасында «Ғалам» ғарыштық техника конструкторлық бюро бастығының орынбасары Арман Бекембаев, ZeroToOneLabs негіз қалаушыларының бірі Арман Сүлейменов және жоғарыда есімі аталған Жалғас Серімбетов бар. Біз шараның қорытындыларын жасадық, ал отбасыммен өткізетін шағын демалыстан кейін мен 2018-2019 жж. маусымын ойластыруды жоспарлап отырмын, себебі ол «Есенов оқулары» үшін бесінші, мерейтойлық маусым болмақ.
11.05.18, Жаңалықтар
Көру саны: 153