Бексұлтан Абылхани
Мамандығы: химиялық инженерия. Тағылымдама: The Open University, Ұлыбритания.
Әрине, 22 жастағы Бексұлтан бала кезінен химияны армандаған да емес, инженер-эколог боламын деп те ойлаған емес. Алайда, Бексұлтанға Ш.Есенов атындағы қордың британдық тағылымдама бағдарламасындағы жеңіс көздеген мақсатына жету жолындағы тынымсыз еңбек арқасында келді.
Неліктен химиялық инженериямен айналысуды шештіңіз?
Әрқашан физика мен математикаға қызығушылық танытқандықтан инженерия мектебін таңдадым. Ал мамандықты таңдауға уақыт келгенде көп ойланбастан химияны таңдадым, себебі сызумен және электр тізбектерімен ешқашан ортақ тіл таба алмадым. Жәутіков атындағы РМФМОМИ химия пәнінің мұғалімі, Ардақ Хасеноваға, жасымнан өзінің пәніне деген қызығушылықты тудыра білгені үшін жеке алғысымды білдіргім келеді. Химия өнеркәсібі (мұнай-газ саласы, металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру) — елімізде дамып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан да, осы салада өзімнің жарқын болашағымды көремін.
Гранттық байқау барысында қандай қызықты жайттар болды?
Мен үшін бұл байқау грант жеңіп алу мақсатындағы үшінші талпыныс болды. Осыған дейін ақтық сынға дейін жетіп (қордың «Әлем зертханаларындағы тағылымдама» байқауынды), алайда жеңімпаз атана алмадым. Бұл байқауда мен үшін қызық әрі ерекше болғаны, ол ақтық сыңның жеңімпаздарын іріктеу британдық университеттердің профессорларымен жүргізілуі. Олар үміткерлердің жіберген өтінімдерінің сапасы, тәжірибесі және жетістіктері бойынша бағалады. «Әлем зертханаларындағы тағылымдама» байқауында жеңімпаздарды, критерийлері мен үшін мүлдем анық емес, психологдардың көмегімен бизнес-ойын арқылы таңдайтын.
Біріккен Корольдіктегі тағылымдама қалай өтті?
Доктор Карл Бордманның тобында жұмыс істедім. Биопластиканы зерттеумен, оның ыдырауын анықтаумен айналыстым. Биоыдырағыш деп саналатын қағаз орамалдарға тәжірибе жасадым. Тәжірибе ұзақтығы жалпы 90 күн, ал аталмыш тәжірибе менің тағылымдамамның соңғы апталарында басталды. Осы тәжірибемен қатар балықтардың асқазан-ішек жолдарында микропластиканың кездесуін зерттедім. Өкінішті, бірақ шындық: 88% зерттелген балықтарда микропластиканың ең болмағанда бір түрі кездесіп отырды. Бұл зерттеу жұмысы аяқталды. Тәжірибе барысында тек қана ғылыммен ғана айналысып қоймадым, сонымен қатар футбол да болды. Себебі Англия футболдың отаны емес пе: жергілікті команданың ойындарына және Англия чемпионатына бардық, Уэмблиде де болып қайттық. Уимблдонда өткен үлкен дулыға сериясы бойынша теннис турнирінде болу бақытына ие болдым. Әрине, сонымен қатар, көп саяхат жасадым.
Қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?
Аспаптармен және эспериментальды орнатумен техникалық проблемалар туындап биоыдырағыш қағаз майлықтарды зерттеуді тоқтата тұруға тура келді. Бастапқы ақпарат — майлықтар, дегенмен, кейбір топырақтарда, көл және мұхит бассейндерінде ыдырамайды. Осыған қарамастан, алынған нәтижелердің конференц-журналдарда жариялануы үшін жұмыс жасап жатырмыз. Пластик бойынша оның үш түрін анықтадық: полиэтилен, полиэтилен–стирол және балықтың асқазан-ішек жолдарындағы целлофан. Зерттеу жұмысы бойынша «The effects of trophic transfer, fishing intensity and location on microplastic uptake by Plaice, Pleuronectes plastessa, and Spider Crab, Maja Squinado» деп аталатын мақала Environmental Pollution, Elsiever журналына жіберілді. Қазіргі таңда аталмыш мақала редакторлардың тексеруінде. Жариялануын күтудеміз.
Бексұлтан, әрі қарай қандай жоспарлар бар?
Nazarbayev University — университетін бітіргеннен кейін инженер-эколог мамандығы бойынша Еуропа магистратураларының біріне түсуді жоспарлап отырмын. Жақында маған Штутгардcк университетінің магистратурасына түскенім жайлы шақырту келді. Әзірге шақыртуды қабылдаймын ба, жоқ па ойлану үстіндемін. Мүмкін, академиялық демалыс алып, өзіміздің химиялық өнеркәсіпті жақсырақ танып-білу үшін жұмыс істеймін. Себебі, магистратура аяқталғаннан кейін өз тәжірибемді және білімімді Қазақстандағы қоқыс өңдеу зауытының жобасына және жұмысына, немесе, қоқыстан қуат өндіру кәсіпорындарында қолданғым келеді.
27.03.18, Жетістік тарихы
Көру саны: 344