Бексұлтан Абылхани
Мамандығы: азаматтық және экологиялық инженерия. Магистратура: Мэдисондағы Висконсин университеті.
Екі жыл бұрын, ол кезде бакалавр студенті, Бексұлтан Shakhmardan Yessenov Foundation қорының Ұлыбританияда тағылымдамадан өту гранты байқауының жеңімпазы атанды. Тағылымдаманы сәтті өтті. Бүгінде, өзінің 24 жасында, ол қордың байқауында жеңіп алған грант арқылы магистратурадағы оқуын аяқтады.
Соңынан бастайық, Бексұлтан. Қазір сіздің өміріңізде қандай жаңалықтар болып жатыр?
Бір жыл жұмыс істеуге рұқсат алдым, жоғары оқу орнынан кейінгі тәжірибеммен айналысып жатырмын және де First State Tire Recycling шиналарды қайта өңдеу зауытында инженер-эколог болып жұмыс істеймін. Онда ғылыми зерттеулерімді жалғастырамын. Ал, қыста елге, яғни үйге барып келуді жоспарлап отырмын.
Неліктен химиядан экологиялық инженерияға ауысуға шешім қабылдадыңыз?
Бакалавриатта оқып жүрген кезде экологияға қатысты: ағынды суларды тазарту, баламалы энергия және қалдықтарды шығару сияқты зерттеулерге қатысатынмын. Ал, британдық Open Univerrsity-де Энергетика және табиғатты қорғау факультетінде тағылымдамадан өту шешуші фактор болды деп ойлаймын.
Бакалавр дәрежесін NU-да бітірдіңіз, бірнеше университеттерден шақыру алдыңыз, атап айтқанда Штутгардтан. Алайда, неліктен таңдауыңыз американдық университетке түсті?
Бакалавриатты аяқтағаннан кейін бір жыл бойы NU-да химиялық инженерия кафедрасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Бұл маған магистратураға түсу кезінде қосымша артықшылықтар берді. Таңдауым бірнеше себептер бойынша Висконсин университетіне түсті. Оның қатарында рейтинг, ағылшын тілінде сөйлейтін орта, университеттің NU-мен серіктестігі және біздің студенттердің үлкен қауымы сияқты себептер бар.
Магистратура грантының байқауында Сіз үшін не қызықты болды?
Қордың барлық байқаулары қызықты өтеді және де өзіндік ерекшеліктері бар. Алайда, бұл байқау басқаларымен салыстырғанда төрт сатылық іріктеу кезеңімен есте қалды. Байқау өз алдына қиын, әрі талапкерлер арасындағы бәсекелестік жоғары болды.
Магистратурадағы оқуыңыз қалай өтті?
Бұл нағыз сын тегеурін болды. Соңғы семестрде 7 “graduate-level” пәнін алдым – ал бұл дегеніміз үлкен жүктеме. Қосымша, профессордың ассистенті болдым. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн-оқуға ауысу қажет болды. Ғылыми жетекшіммен бірге шиналардағы металл сымдарды қолдана отырып, суды ортофосфаттан тазарту бойынша тәжірибелер жүргізуді жоспарлаған едік (бұл өзендер мен көлдердің ең көп таралған ластаушысы). Мұндағы зерттеулердің, әдетте, өндірістік серіктесі болады, ал біздің серіктес қазір мен жұмыс істейтін компания. Локдаун лабораториядағы барлық эксперименттерді біраз уақытқа кейінге қалдырғанымен, біздің жұмысымыз жазда кәсіпорынның өзінде қайта жанданды. Үздіксіз режимде суды тазарту жұмыстарын жүргіздік.
Өндіріс басқа штатта орналасты. Сіз Миннеаполиске келгенде, онда жаппай бүліктер басталды. Бұл Сіздің жұмысыңызға қалай әсер етті?
Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантинге байланысты бір ай бойы ғылыми әдебиеттерге шолу жасадым, құрал-саймандарды сатып алып, қондырғыны жинадым. Тәжірибе шілде айының басында жалғасты.
Осындай қиын уақытта АҚШ-та жұмыс істеу құқығын қалай ала алдыңыз?
Магистратураны аяқтағаннан кейін американдық университеттің кез-келген түлегі практикаға және бір жыл жұмыс істеуге рұқсат алуға құжаттарын тапсыра алады. Мен жұмысқа орналастым, сондықтан компания біздің зерттеулерімізге қызығушылық танытты. Қазір жұмыс істеймін және ғылыми тәжірибелер жүргіземін. Сонымен қатар, біздің жұмыс ғылыми конференцияға қабылданды, баяндама дайындап жатырмыз.
4.11.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 229