Берік Калиуллаев
Бағыты: жалпы медицина. Машықтану орны: Colorado State University.
21 жаста, өскемендік, Асфендияров атын. ҚазҰМУ студенті (жалпы медицина). 2015 жылдың май-тамыз айларында Колорадо штатының Мемлекеттік Университетінде (Colorado State University) микобактерияны зерттеу зертханасында (Mycobacteria Research Laboratories) жазғы машықтанудан өтті.
1. Неліктен медицинаны таңдадыңыз?
Маған көптеген мамандықтар қызықты болған. Мысалы, өнертанушының мамандығы жайлы ойлағанмын. Одан басқа әрқашан да шет тілдерді оқып-үйренген ұнайтын. Ақырында жоғарғы сыныптарда менің қызығушылықтарымды біріктіретін медицинамен айналысуға шешім қабылдадым. Меніңше, дәрігер мамандығының негізі – ғылым болса, емдеу мен өмірді құтқару – бір үлкен шеберлік.
2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?
Барлығы да қысқа уақыт ішінде өтті. Маған Академик Шахмардан Есенов атын. Қордың байқауы жайлы Университетіміздің патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жетекшім Айгүл Дюсекешева Сапаргалиевна айтқан еді. Осы машықтануға барамын деген оймен бірден шабыттандым! Барлық құжаттарды жинап, уақытында тапсыруға маған деканымыз Рахима Тажибаева Джумашева көмектесті. Байқаудың бірінші кезеңінен кейін сұхбаттасуға дайындалдым. Байқау барысында мен үшін қиын болғаны – дәл менің осы грантқа не себепті лайықты екенімді түсіндіру. Байқаудың екінші кезеңінде бізге жеке қасиеттерімізді, ой-өрісімізді, логикалық ойлауымызды, басқа да дағдыларымызды анықтау мақсатында түрлі тапсырмалар берілді. Оларды сәтті орындап, 130 үміткерлердің арасынан жолы болып, грант жеңіп алған 10 адамның бірі болдым.
3. Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сонымен қатар қандай қызықты жайттар болды?
Зертханада жұмыс істеуді үйрендім. Зерттеуші ғалымдардың жұмысы жоғары биологиялық қауіпте қалай ұйымдастырылатынынан енді хабарым бар. Болашақ медицина маманы ретінде мен үшін ең маңыздысы, бағаласы – зерттеулердің қазіргі заманғы, озық тәсілдерімен танысу. Сонымен қатар, жоспарланбаған болса да осы машықтанудан алған тағы бір тәжірибем – испан тілі. Зертханадағы профессорым мен мені қабылдаған американдық отбасының туған тілі -испан тілі болғандықтан, тілдік тәжәрибеден де өтіп келдім.
4. Машықтанудың нәтижесі қалай сипаттай аласыз?
Машықтану барысында жасалған жұмыстарым мен жемісті тәжірибемді алдағы уақытта дәрігер-зерттеуші маманы мансабында қолданатыным сөссіз. Академик Шахмардан Есенов атындағы қорының бағдарламасының арқасында, туберкулезді зерттейтін әлемдегі ең мықты зертханалардың бірінің қабырғасында жұмыс істеп қайттым. Туберкулез – қазақстандық қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Осы алған біліміммен болашақта өз университетімде зерттеулер жүргізіп, Ph.D бағдарламасына түсуді жоспарлап отырмын.
11.10.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 160