Бану Оспанова
Кезінде Назарбаев Университетінің студенті, шымкенттік, қордың грантына жазғы тағылымдамасын 2015 жылы Еуропаның ең ірі оқу орындарының бірі Каролинска институтінің (Karolinska Institutet) инфекционды медецина орталығында өтті. Ал бүгінде Бану интегралды иммунологияны Оксфорд университетінің магистратурасында меңгеріп жатыр. Бұл орайда да қаржылық қолдау қор тарапынан көрсетілді.
1. Дәл осы мамандануды неліктен, қалайша таңдадыңыз?
Биомедицина мен медицина құрамыны биология, химия, физика, социология жіне психология сияқты бірнеше пәндер кіреді. Осы пәндердің әрқайсысы, соның ішінде олардың тәжірибелік жағы мен үшін әлі күнге дейін қызықты. Ойланып келе, медицина – бұл білімді біріктіру, қиын-қыстау сәттерде шешім қабылдау, жауапкершілікті иелену, адамдармен өзара әрекеттесу мен үздіксіз үйрену деп пайымдадым. Ақырғы шешімді он бірінші сыныпта жасадым. Барлық күшім мен уақытымды осы бағыттқа жұмсаймын деп әлі бір де өкінген емеспін.
2. Тағылымдамаға арналған конкурста сіз үшін қызықтысы не болды?
Конкурсқа уәждеме хатты жазуды, соның ішінде орыс және қазақ тілдерінде жазудың не екенін ұмытыңқырап қалғанымды есепке алмасақ, жалпы конкурсты қиын деп айтпаспын. Өз-өзімді тұлға ретінде мейлінше жөнді көрсету керек болды, одан арғысы менің кандидатурамның бағдарламаға қаншалықты лайықтысына байланысты болды. Түсінуімше, сараптау комиссиясы үміткердің белгілі бір «дұрыс» портретін, үлгісін ұстанбаған сияқты, себебі өте жақсы бағалар, мол зертханалық тәжірибе, екінші сатыда дұрыс жауаптар (қателеспесем, мен бас аяғы бір дұрыс жауап берген сияқтымын!) жеңістің кепілі болған жоқ.
3. Швецияда өткен тағылымдамаңыз туралы айтып кетсеңіз?
Тағылымдамам өткен бағдарлама аясында менімен қатар Еурапаның үздік оқу орындарының 19 студенті машықтанды. Тағылымдаманың бір бөлігі семинарлар мен қызықты әлеуметтік шаралар түрінде өтті. Аяқталуына қарай әрқайсымыз ғылыми есептеме жазып, топтың алдында қорытындыларымызбен бөлістік. Басқалармен танысып, олардың ғылыми көзқарасы мен қызығушылықтарын, болашақ мақсаттарын біліп, өзімді олармен салыстыру пайдалы да қызықты болды. Енді бір бөлігі зертханада жақын арада ашылған имунды жасушалардың бағытын (innatelymphoid cells type 2, ILC2) зерттеумен өтті. Бұл жасушалар организмнің патогендердің ауқымды спектрінен қорғануда маңызды рөл атқарады. Зертханада тамаша тәжірибе жинақтап, жақсы нәтижелерге қол жеткіздім – зреттелген жасушалардың білгілі бір рецепторларының қызметтерін анықтай алдық. Бұл нәтижелеріміз ақыр соңында медициналық дәрі-дәрмектерді өндіруде көмектесе алады.
4. Тағылымдама сіз үшін қандай нәтиже берді?
Швецияда өткен тағылымдама барысында тәжірибе жүргізілген жануарлардың сүйек кемігін, лимфалық түйіндері мен көкбауырын шығарып алуды, осы ағзалардан қажетті жасушалар өсіріндісін айырып, өсіруді үйрендім. Ағысты цитометрия (flow cytometry) жүйесінде жұмыс жасауды, FlowJosoftware бағдарламасында деректерді талдауды да үйрендім. Каролинска институтынан жетекшім менің нәтижелерімді ғылыми жазбаға қосып, есімімді авторлардың тізіміне қосты. Жазба The Journal of Immunology баспасында шықты. Зертханада жүріп мен Оксфорд университетінің теориялық медицианадан тәжірибеге ауысу мүмкіндігін беретін бір жылдық магистратура бағдарламасы жайлы естідім. Ғылыми жетекшілерімнің қолдауымен, олардың берген мінездемесімен құжаттарды тапсырдым. Бағдарламаға түсуімнің шешуші рөлі болып тап осы жазғы тағылымдамам болды деп есептеймін. Магистратураны 2017 жылдың шілдесінде аяқтаймын, ал осы соңғы айлар барысында Оксфордта мен диссертацияма керек трансплантология саласындағы жобаны іске асырып жатырмын. Ал кейін, тамыз айында Назарбаев Университетінің медицина мектебінде оқуымды бастайтын боламын.
6.11.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 158