Арай Сабыржан
Мамандығы: есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету. Тағылымдама: Amplify Live, АҚШ.
Арай 23 жаста, ол Халықаралық IT университетінің түлегі. Ш.Есенов атын. қордың байқауын жеңіп алардан бұрын ол ҚазҰАУ-де Junior Full-Stack Developer ретінде және ChocoFood (Back End Developer) компаниясында жұмыс тәжірибесін алған болатын. Ал байқаудағы жеңіс оған жарты жылдық тағылымдама, шын мәнінде, Amplify америкалық стартапында маңызды жұмыс алып келді.
Байқау кезеңдері Сіз үшін қиын болды ма? Қалай өтті?
Мен үшін күрделісі басқа қатысушылардың тәжірибелері туралы білген сәт болды. Ол жердегі жастардың 10 жылдық жұмыс тәжірибелері және магистрлік, докторантуралық дәрежелері болды. Менің мүмкіндігім жоқ сияқты көрінгенімен, мен талпынып, өтуге тырысып көремін деп нақты шешім қабылдадым. Біртіндеп құжаттарымды және сертификаттарымды әзірлеп, тәжірибе және бастапқы білім жинақтап, дайындықты бастадым. Алғашқы іріктеу кезеңінен өттім. Әрі қарай қор өкілдерімен және стартап басшыларымен сұхбаттан өту керек болды. Барлығы әсерлі де қызықты өтті. Қатысушылардың бірі маған Google View көмегімен Сан-Францискада «қыдырып», моральдық түрде өзін-өзі жеңіске баптайтынын айтқаны есімде. Мен сол кезде мақсаттарыңа жету ықыласыңның болуы және де оны көз алдыңа елестетудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Моральдық дайындық және жеңіске деген талпынысым маған байқауда жеңіске жетуіме көмектесті.
Тағылымдамада немен айналыстыңыз?
Amplify Live Facebook мессенджерінде Live Event Assistant (LEA) чат-ботын жасады. Оның мақсаты — адамдарға АҚШ-тағы концерттерге, спорт жарыстарына және шоуларға билеттер алуға көмектеседі. Менің тапсырмам бот интерфейсімен жұмыс болды. Мысалы, мен спорттық командалар жайлы деректер жинап, қолданушыларға сол деректерді билет сатып алып, төленгеннен кейін жіберу жұмыстарымен айналыстым. Алайда, нағыз сын тегеурін жобаның менеджерлері мен басшылары үшін админ. панельдерді жасау болды. Оның көмегімен олар боттың жұмысын түзете алады. Және де мен аталмыш панельді тағылымдамамның төртінші айында жасай алдым.
Сіз үшін сол уақыт ішінде ең маңыздысы және қызықтысы не болды?
Мен үшін сол уақыт ішінде болғанның барлыға да қызықты болды және өтінім тапсырып, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Кәсіпқойлардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, өздерінің салаларындағы білімдерін үздіксіз толықтырып отыруларының қаншалықты маңызды екеніне көзім жетті. Сонымен қатар, мен тайм-менеджментке деген өз көзқарасымды қайта қарастырып, өз басымдықтарымды дұрыс қойдым. Осыған дейін барлығы да тек қалауыма немесе көңіл-күйіме байланысты ғана болатын, ал қазір барлығына тек күнделікті тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болатынын түсіндім.
Айтпақшы, Арай, Сіз Кремний алқабындағы жарты жыл ішінде неге қол жеткіздіңіз?
Алгоритмдер, тіл бағдарламалаулары, машиналық оқыту негіздері және де үлкен деректер бойынша бірнеше кітаптар оқыдым. Жапонияда “The University system of checking texts for plagiarism” тақырыбында ғылыми мақаламды жарияладым – оны тағлылымдамам кезінде жазып бітірдім. Сонымен қатар, қазір алгоритм бойынша тапсырмаларды жылдам орындаймын. Біртүрлі естілседе айтайын, енді мен бағдарламалаудың мәнін жақсырақ түсіндім.
Алдағы бірнеше жылдың ішінде немен айналысасыз?
Өзім бір бөлшегі болған, Amplify Live-пен жұмысымды жалғастырудамын. Стартаптағы жұмыс менің мақсаттарыма әсер етіп, батылырақ және кеңірек ойлай, жоспарлай бастадым. Бұрындары мен үшін Google-ге жұмысқа тұру мүмкін еместей болып көрінетін, ал қазір мақсатымның қол жетімді екенін, әрі оны бір жылдың ішінде жүзеге асыруға болатынын түсіндім. Мен магистратураға түсіп, бағдарламалауды әрі қарай игеру үшін басқа да мүмкіндіктерді іздестіремін деп нақты шешім қабылдадым.
7.02.19, Жетістік тарихы
Көру саны: 169