Айгүл Шәріп

Айгүл Nazarbayev University биология факультетінің студенті. Қор өткізетін бағдарламаның арқасында Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университетінде Helen Diller Family Comprehensive Cancer Center атты орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

1.    Дәл осы мамандықты таңдауыңыздың себебі неде?
Мектепте биология пәнін оқып жүрген кезімде адам ағзасында көзге байқалмайтын көптеген үдерістер болып жатады деген ой келе берді. Мен оларды зерттегім келген еді, сондықтан биология факультетіне оқуға түсуге шешім қабылдадым.

2.    Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?
Ең қиыны, менің ойымша, комфорттан тыс ортаға тап болу – сұхбатқа қатысып, оның барысында өзімді осы тағылымдамадан өтуге лайықты кандидат екендігімді дәлелдеп беру болды. Менің айтып отырғаным – бұл байқаудың екінші сатысы. Ол жылдамдықпен орындауды қажет ететін, көптеген сан-алуан тапсырмалардан тұрды.

3.    Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сонымен қатар қандай қызықты жайттар болды?
Мен өткен тағылымдаманың негізгі мақсаты – мұнда да ғылыми тілді пайдаланусыз болмайды – тұқым қуалайтын гемморагиялық телеангиэктазия кезінде гендер арасындағы өзара әрекеттесуді анықтау. Бұл өте сирек кездесетін сырқат. Зертханада біз оның даму себептері мен механизмдерін анықтап зерттеу жүргіздік. Тағылымдаманың үш айы ішінде мен молекулалық биология саласында пайдаланылатын көптеген техникалар мен жұмыс тәсілдерін іс жүзінде жақсылап игердім.

4.    Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Аталған тағылымдаманың арқасында мен ең заманауи ғылыми зертхана жағдайларында эксперименттерді қоюға және тәжірибелерді жүргізуге үйрендім, сонымен қатар сигналдық жолдардың TGF-β зерттеуінде баға жетпес білімдер алдым. Зерттеулерден басқа, мен аптасына бірнеше мәрте зерттеушілер мен университет студенттері нәтижелерімен және өздерінің жобаларында кездестірген проблемалармен бөлісетін кездесулерге қатыстым. Тағылымдама барысында молекулалық биологияға деген қызығушылығымның одан сайын артқанын түсіндім. Қазақстанға қайтып оралған кезде, мен биология ғылымының өзекті мәселелерін зерттей отырып, профессорлармен бірге зертханада жұмыс істеуді жалғастыратын боламын.

24.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 155