Айгүл Имаділдаева
Академик Ш.Есенов атындағы қор байқауында жеңіске жеткен кезде (2016, мамыр) ҚазҰТУ және Universiti Teknologi Malaysia түлегі қазақстандық банктердің бірінде жүйелік талдаушы болып жұмыс істеп жүрген болатын. Қыркүйек айында ол Кремний алқабындағы қызықты стартаптардың бірі — POWr-де тағылымдамадан өту үшін Америкаға ұшып кетті.
1. Тағылымдама барысында немен айналыстыңыз?
POWr компаниясы шағын бизнестің өсуіне және дамуына көмектесетін веб-сайттарға қосымша әзірлейді. Компания плагиндер әзірлеуде көшбасшы болды және де бүкіл әлемдегі 8 миллион шағын бизнес өкілдеріне көмектесті. POWr барлық плагиндері қарапайым дәйекті визуальды интерфейспен жасалған. Тіпті қарапайым техникалық дағдылары бар кез-келген қолданушы өзінің плагинін нақты уақыт режимінде ешбір кодсыз өзгертіп, жаңарта алады. ЕCommerce, WordPress, Wix, Weebly, Jimdo, Shopify, Bigcommerce сияқты және т.б. платформалар біздің серіктестеріміз болып келеді. Компания 50-ге жуық қосымшалар шығарып үлгерді, ал тағылымдама кезінде менің міндетім осы аталмыш қосымшалардың функционалдарын кеңейту болды.
2. Қолжеткізген нәтижелеріңізбен бөліссеңіз?
POWr портфеліндегі менің суйікті қосымшам — SocialFeed. Осы қосымшаның функционалдығын кеңейте отырып Google, Facebook, Twitter APIs etc сияқты әлеуметтік желілермен терең және кәсіби тұрғыда жұмыс жасауды үйрендім. Осылайша мен Promises сияқты асинхронды кодының ұйымдастыру тәсілін пайдалана отырып асинхронды сын циклдарымен жұмыс жасауды үйрендім. Біздің стартап үнемі жаңа өнімдер әзірлеп отырады. Биылғы жылы біз сайт иелеріне Search Engine Optimization көмегімен бизнестерінің өсуін бақылауда, әлеуметтік желілерде, дизайнын және сайт функционалдығын бағалауда, email маркетингте және т.б. көптеген жағдайда көмектесетін Business Booster қосымшасын жасап шығардық. Осы жобаны әзірлеушілердің бірі болғаным мен үшін қуанышты жайт. Бізге қойлған қызықты міндеттер осал болған-ды, бірақ тобымыз тапсырманы айтарлықтай жақсы орындап шықты. Жобаны іске асырғаннан кейін компания маған Алқапта қалып, жұмысымды жалғастыруымды ұсынынды. Жауабымды біліп отырған шығарсыз, иә, қалдым.
3. Болашаққа жоспарыңыз қандай?
Менің жоспарым — мықты инженер болу, сонымен қатар, көптеген қызықты және пайдалы жобаларды жүзеге асыру. Ал ол үшін мен бағдарламалаудағы өз біліміді үнемі кеңейтуді, стартаптың жаңа идеяларын іске асыруларына қатысуды қалаймын. Бұл жерде үнемі Кремний алқабының ең атақты технологиялық компаниялары өткізетін семинарларға, тренингтерге қатысуға үлкен мүмкіндіктер бар. Ол жерден көп нәрсені білуге, жаңа технологияларды әзірлеуді үйренугі, сонымен қатар, әлемнің үздік бағдарламашыларымен таныстық орнатуға болады. Осылайша мен Google, Facebook, Yelp-те жұмыс жасайтын көптеген қазақтармен таныстым. Олардың барлығы дерлік бағдарламалау бойынша чемпиондар. Біраз уақытқа алқапта қалып, сосын Қазақстанға оралуды жоспарлап отырмын.
8.11.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 177