Айбек Рахим

Мамандығы: ақпараттық жүйелер. 2017 жылғы Есенов шәкіртақысының иегері.

Жылына бір рет Шахамардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры байқау өткізіп академиктің шәкіртақысының иегерлерін таңдайды. 2017 жылдап бастап аталмыш байқауға Қазақстанның кез келген жоо техникалық мамандық бағытында білім алып жатқан 2-3 курс студенттері қатысады. Бір жыл бойы қор шәкіртақы иегерлеріне олардың негізгі шәкіртақысына қосымша 25 000 тенге төлеп отырады. 2017 жылғы бағдарлама жеңімпаздарының бірі болып Павлодарлық, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алып жатқан ақпараттық жүйелердің болашақ маман иесі Айбек Рахим атанды.

Айбек, байқауда жеңіске қалай жеттіңіз?
Таныстарым: “Сенде жақсы мүмкіндік бар, бағыңды сынап көр” деп кеңес берді. Өтінім берер алдында портфолиамды жинастырып, қосымша ынталандыру видеосын түсірдім. Соның арқасында іріктеуден өттім. Содан кейін басқа қатысушылар алдында өзіміздің көшбасшылық және де тағы басқа дағдыларымызды көрсеттік. Әлі есімде, комиссия мүшелері бәрімізді бақылап, бір нәрселерді жазып отырды. Сол кезде мен дәл қазір өз-өзімді көрсетуім керек екенін, басқа мүмкіндіктің болмайтынын түсіндім. Осылайша байқаудан өттім. Маған сенім артқандарына алғыс білдіремін.

Бұл шәкіртақы жоспарларыңызды жүгезе асыруда қандай да бір септігін тигізді ме?
Әрине! 2017 жыл мен үшін өте жемісті, әрі нәтижеге толы жыл болды. Шәкіртақы арқасында мен үшін Астана қаласындағы nFactorial incubator оқу мүмкіндігі туды. Бағдарлама Nazarbayev University 3 ай бойы өтті. Өмірдің қиын кезеңдерінде де шәкіртақы қол ұшын берді. Енді мен мобильді қосымшалар әзірлеушісімін.

Бір жыл ішінде не істеп үлгердіңіз?
Ең бастысы — мен iOS / Android платформасында TAZALYK мобильді қосымшасын әзірледім. Мен супер команда құрып, NS Labs компаниясын аштым, және де қазіргі таңда Алматыда қоқысты сұрыптауды насихаттау жобасымен айналысып жатырмыз. 2017 жылдың желтоқсан айынан 2018 жылдың суәір айына дейін TAZALYK қосымшасында 2000 нан астам адам тіркеліп, 20 тоннадан астам қоқысты қайта өңдеуге өткіздік. Ал бұл дегеніміз, біз 300 ағашты кесуден сақтап қалдық. TAZALYK жобасымен 2017 жылы «Quality Innovation of the Year» халықаралық байқауында бірінші орынды иелендік, ал «Jastar Otanga» республикалық байқауында күміс жүлденің, ал Астана қаласында өткен Startup Weekend байқауының қола жүлдегері атандық. Біздің команда Kazakhstan Waste Recycling (KWR) компаниясымен бірлесіп «Қоқысты сұрыптап, эко-қаһарман атан» акциясын өткіздік. Қоқысты сұрыптау нәтижесі бойынша 200 –ден астам алматылықтарды әр түрлі силықтармен марапаттадық. Біздің платформаға KWR қайталама шикізат қабылдайтын 6 бекетін қостық, сонымен қатар мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда пластик пен макалатура жинайтын TAZALYK экоқораптарын әзірлеп және орнатып жатырмыз. Қазіргі күні біз 36 экоқорап әзірледік, және де бізбен өздерінің жұмыс орындарында қоқысты бөліп жинайтын 14 компания ынтымақтастықта жұмыс жасап жатыр. Біздің команда сынаққа толы жолдан өтті. Әр түрлі қиыншылықтар әлі де бар. Алайда, біз өз күшімізге сенеміз және тынбай еңбек етеміз.

Алда қандай жоспарлар бар?
Менің жоспарларым: Алматыдағы өмір сапасын арттыру және эко-мәдениетті дамыту. Сонымен қатар — жазды жемісті өткізу. Ал күз айында академик Шахмардан Есенов атындағы қордың Кремний алқабының стартаптарындағы алты айлық тағылымдама байқауына қатысуды жоспарлап отырмын.

10.05.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 214