Аян Батырханов
Қордың грантын ұтып алған болашақ физик-ғалым, Назарбаев Университеті студенті Аян 2016-жылдың жаз маусымында Энрико Ферми атындағы ұлттық тездеткіш зертханасында ғылыми машықтанудан өтті.
1. Неліктен физика? Мамандығыңызды қай кезде таңдағаныңыз есіңізде бар ма?
Университеттің екінші жылына дейін физикамен айналысамын деп нақты сенімім болған жоқ еді. Кезінде оқуға түсер алдында сан алуан бағыттардың арасынан ең қызықтысы болғандықтан физиканы таңдаған едім. Бұл ғылым маған қажетті де пайдалы көптеген мүмкіншіліктер мен орнықты білім беретінін білдім, мысалы, бағдарламалау, үлкен деректерді талдау, электроника элементтерімен жұмыс жасау, химия мен математикадан мағлұмат. Оқуды жалғастыра ғылымның бұл саласына қызыға түстім. Терең білім мен практикалық қолданыстың бірігуін физикадан айқын көре аласыз. Сонымен қатар, физиканы ғылыми қызметтің кез келген саласымен байланыстыра алу мүмкіндігі де мені желіктірді.
2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз? Ең қиыны не болды?
Іріктеу барысында мен үшін ең қиыны эссе жазу болды. Қағаз бетінде өзімнің ойларымды жеткізу қиынға түсті. Дегенмен, бұл соңынан PhD-ге түсу үшін керек негіздеме хатты жазуда көмектесті. Сондықтан да осындай эсселерді жазып үйренген жөн, себебі өзіңнің жақсы жақтарыңды тиімді көрсете білу, жеңіске қол жеткізуге өзіңнің лайықты екеніңді, алға қойған мақсаттыңа деген ұмтылысты көрсету – бұл баға жетпес дағдылардың бірі.
3. Тағылымдама қалай өткені жайлы баян етсеңіз?
Энрико Ферми атындағы ұлттық тездеткіш зертханасы жоғарғы энергиялар физикасы саласының алдыңғы қатарлы ғылыми орталығы. Оны тіпті Швейцариядағы Үлкен адрондық коллайдердің ізашары деп те атасақ болады. Тағылымдама барысында бөлшектер үдеткіші, яғни коллайдерде, өтетін процесстерінің симуляциясын жасайтын SLICKTRACK атты бағдарламамен айналыстым. Тегінде бағдарлам түрлі оптикалық процесстердің коллайдердегі бөлшектерге тигізетін әсерін көрсетеді. Менің негізгі мақсатым, бағдарламаның ескі коды себеп болған проблемаларды шешетін жаға кодты жазу болды. Үш айдың ішінде кодты жаңадан жазып, тапсырманы уақытылы тапсырдым. Бұл кодты тестілеп, өзгертулерді менің әріптестерім енгізді. Өз басым кодты тексере алмағаным өкінішті енді.
4. Машықтануға қатысу арқылы қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз?
Жұмысым ойлағанымнан да ұзақ болып шыққаны рас. Бірақ мен атсалысқан нәтиже – іске қосуға дайын код – зертхана жұмысында ілгері қадамдар жасауға септігін тигізді. Стажировка помогла мне в освоении Тағылымдама, сонымен бірге, компьютерлік физиканы меңгеруіме де көмектесті. Үдеткіш физика жайлы да білімім тереңдей түсті. Бұл білім мен қазір жүргізіп келе жатқан жоғарғы энергия физикасы саласындағы жобама үлкен қолдау болды. Содан соң, жаңа код жазу бағдарламалау дағдымды жақсартып, жалпы тағылымдама арқасында PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігімді әлдеқайда ұлғайтты. Кәсіби өсуден басқа, зертханада жұмыс жасап ләззат алдым, өзім секілді студенттер мен жаңа адамдармен танысытм. Орталықта итальяндық фестиваль мен бразильдік барбекью секілді әртүрлі шаралар да өткізіліп тұрды. Айтпақшы, бразильдіктер де біз сияқты етті молынан жейді екен, барбекьюсі де тамаша дәмді болды. Содан соң Чикагоға да сапар жасап қайттым. Бас аяғы поездбен бір жарым сағат жүріс. Чикагода кезінде сүйіп тыңдаған әйгілі Guns N’ Roses рок группасының концертіне де барып қайттым.
31.10.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 207