Асқарбек Орақов

Асқарбек Nazarbayev University, Ғылым және технология мектебінің студенті. Қордың гранты арқасында 2016-шы жылдың жазында Бостон университетінде, профессор Вячеслав Лабунский басшылығында дермотология факультеті зертханасында тағылымдамадан өтті.

1. Осы мамандықты неліктен таңдадыңыз?
Жоғарғы білімімді биология саласында аламын деп сегізінші сыныпта оқып жүргенде шештім. Таңдау мәселесіне айрықша назар салдым деп те айта алмаспын, жалпы өзіме ұнайтын, қолымнан келетін нәрсемен айналысқан едім. Өз басым ақырында таңдау жасағанда осы екі фактордың үлесі зор болды деп санаймын.  Қақаз-түрік лицейінде оқып жүргенде үнемі биология бойынша олимпиадаларға дайындалып қатысатынмын. Кейінірек, мектеп бітірген жылдың жазында, халықаралық биология Олимпиадасының күміс жүлдегері атандым. Бұл жетістік маған Назарбаев Унверситетіне түсуге көмектесті.

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз? Ең қиыны не болды?
Байқаудың екінші кезеңі деп ойлаймын. Бұл кезеңде өзіңнің қандай ерекшелігіңді, мінезіңнің кай қырын көрсету керек екенін түсіну қиын болды.  Қазылар алқасының шешіміне осы мінез-құлығың әсер етеді. Байқау алдында мен қатты қобалжыдым, көп ойландым.  Бірақ, бір жағынан екінші кезең алдындағы ойларым, маған өз-өзіме бұрын тіптен ойланып көрмеген көптеген сұрақтарды қойуыма себепші болды. Байқаудың басында тыныш және ұстамды болдым, алайда кейінірек құмарпазданып, ары қарай іріктеу процессіне белсенді қатыса кеттім.   Түсінгенім, қазылар алқасы өз шешімдерін жасай алу үшін толықтай ашылып, өзіңнің кім екеніңді көрсету керек.

3. Тағылымдаманың мақсаты қандай болды?
Тағылымдама барысындағы менің мақсатым, жасушалардың қартаю жылдамдығына әсер ететін жасушалық механизмдерді табу болды. Мен осы жылдамдыққа әсер ететін гендерді табу үшін, ашытқы жасушаларындағы әрбір геннің белсенділік деректерін талдаумен айналыстым. Бұл үшін супер компьютерлер кластерлерін, биоинформатикадағы әр түрлі бағдарламаларды және гендердің онлайн деректер базасын қолдандым.  Осының бәрі өте қызықты болды, маған қатты ұнады. Жұмыс мені шабыттандырды.

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз? 
Тағылымдама барысында биоинформатика саласында мамандану жайлы ойланып қалдым. Бұл үшін мен өз профессорыммен жұмысымды жалғастырып жасап жатырмын, бағдарламалау және биоинформатика курстарына қатысып жүрмін.  Сондай-ақ, осы салада тәжірибе жинап, ғылыми тағылымдамадан өтуге тырысамын.  Одан соң  менің мақсатым – PhD, яғни докторантураға түсу.

26.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 259