Асем Аяғанова
22 жаста, ақтөбелік, Nazarbayev University түлегі, қазіргі уақытта Токио технологиялық институтының химиялық инженерияны бағытындағы студенті. 2014 жылы жаз айында Боулдердегі University of Colorado ғылым және инженерия зертханасында жазғы машықтанудан өтті.
1. Дәл осы мамандықты неліктен таңдағаныңыз жайлы айтасыз ба?
Балалық шақтан бастап маған нақты және техникалық ғылымдар көбірек ұнайтын. Кез-келген құралдың қандай тәсілмен жұмыс жасайтыны мен үшін үнемі қызықты болатын. Мектеп кезінде химияны ұнататынмын. Сондықтан да мен болашақ мамандығымды химилық инженерия саласында таңдадым.
2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?
Басында грант жеңіп алу мүмкіндігі аз деп көрінді. Бірақ та қалауым – зерттеу жұмыстарымен айналысу мен PhD дәрежесін алу – анық болғандықтан байқау барысында қойылған сұрақтарға жауап беру және эссе жазу маған қиынға соқпады.
3. Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сонымен қатар қандай қызықты жайттар болды?
Машықтанудың өзінен басқа жаңа жерлерге бару қызықты болды. Демалыс күндері Лос-Анжелеске пен Нью-Йоркке сапармен барып, Голливуд пен Бродвейді көріп-білуге мүмкіндіктер болды. Бірақ ең бастысы – бұл шығу тегі мен мәдениеті басқа жаңа адамдармен танысып, дос табу болды.
4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Машықтану маған өз-өзімді жеке тұлға ретінде тануыма мүмкіндік берді. Дұрыс мамандық таңдағаныма бұрынғыдан да сенімдірек бола түстім. АҚШ-тағы және Қазақстандағы машықтану кезеңінде алған тәжірибемді салыстыратын болсақ, біз әлі де көп нәрсеге үйреніп, менеджмент жүйесін кемелдендіруіміз және де біліктілікті арттыруымыз керек екенін түсіндім.
15.10.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 197