Арайлым Майкенова
Мамандығы: жалпы медицина. Тағылымдама: Нью-Йорк университеті, АҚШ.
Арайлым монғол шапқыншылығымен, Түркісіб құрылысымен байланысты тарихи орын, Шығыс Қазақстандағы Шар қаласының тумасы. Бүгінде ол университет студенті, және ол үшін медицина – жай ғана кәсіп емес, бұл – бүкіл өмір. Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының грант сайысындағы жеңісі болашақ медикті Нью-Йоркке, денсаулық және ұрықтылық мәселелері зерттелетін зертханаға алып келді.
— Менің тағылымдамам профессор Дэвид Кифидің жетекшілігімен Langone Health – Fertility center-де өтті. Алдымен мен зертханада, кейін – пациенттермен жұмыс істедім. Бағдарлы апта кезінде ұжыммен таныстым және жұмыс орнындағы қауіпсіздік бойынша тренингтерден өттім. Мен тек эксперименттер қорытындылары бойынша нәтиже алып, ғылыми жарияланым жасауға ұмтылған жоқпын. Мен бедеусіздіктің себептерінің бірін жақсылап зерттеп, оны жоюдың жолдарын тапқым келді. Жеке алғанда, ауыр металлдардың бағаналық жасушалардың дамуына әсерін зерттедім, – деді Арайлым.
Пациенттермен жұмыс туралы толығырақ білуге болады ма?
— Некесі әр түрлі себептерге байланысты әзірге бедеусіз жұптармен жұмыс істедім, кеңестер мен қабылдау жүргіздім. Қазіргі кезде экстракорпоральды ұрықтандыруға жүгінуі мүмкін себептердің қатарымен таныстым. Бедеулік – үкім емес, жасқа, мәселенің пайда болу себебіне қарамастан шешім әрқашанда бар екеніне көзім жетті.
Арайлым өзі «әлем астанасы» деп атайтын Нью-Йоркте өткізген үш айы тек ғылымға толы болған жоқ. Empire State Building, Times Square, Central Park, Statue of Liberty және тағы басқа жерлер күнделікті көзінің жауын алды. Бірде, ол тіптен Madison Square-де телехикая түсірілімінде көпшілік көрінісіне де қатысты.
— Нью-Йоркте мұражайлар өте көп. Мен үшін ең қызықты American Museum of Natural History болды. Зертхананың қызметкерлерімен жиі бірге кешкі ас ішіп, жұмысқа қатысы жоқ әр түрлі тақырыптарда әңгімелесетінбіз. Тағылымдаманың соңында олар маған фотосуреттер мен тілектер бар, өз қолдарымен жасалған альбом сыйлады. Мен әлі күнге дейін олармен байланыстамын.
Тағылымдаманың қорытындылары бойынша қандай жетістікке жеттіңіз?
— Онда жасағанның барлығын алғашқы рет жасадым. Мен үшін бұл зор тәжірибе. Қымбат реагенттермен осындай жоғары технологиялық қондырғыларда жұмыс істеймін деп кім ойлаған? Бұған дейін мұның бәрін тек кітаптар мен видеодан көретінмін. Университетте бізге кариотиптеу туралы және бұл зерттеу адамның хромосомалық жиынтығын зерттеуге көмектесетіні туралы жиі айтатын. Бірақ зертханада оны өзім жасаған кезде қуанышымда шек болмады. Сонымен бірге, мен бағаналық жасушаларды өсірдім.
Әрі қарай мансабыңызда не болады, Арайлым?
— Тағылымдама мен үшін таза ауа жұтымы, беймәлімге есік болды. Мен өзім қолдана бастаған мүмкіндіктер әлемін аштым. Ғалымдар тобымен бірге ауа ластануы мен ұрықтылық арасындағы өзара байланысты анықтадым. Тағылымдадан келген кезде екі елдегі нәтижелерді салыстыру үшін мен Қазақстанда да ұқсас зерттеу жүргіздім. Мені жоғарғы оқу орным – Астана медициналық университеті қолдады. Қазір бакалавриаттың соңғы жылы, кейін оқудың жаңа кезеңі – интернатура басталады. Мен «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша оқуымды жалғастыруды жоспарлаймын. Бұл сала маған қызықты және жақын. Сонымен бірге мен республикалық іріктеуден өтіп, IQAA Аккредитациялық Кеңестің мүшесі болдым. Медицинаға барлық уақытымды бөлгім келеді, себебі ол маған ғанибет сыйлайды. Барлығынан өз жұмысыңның нәтижесін өзің көретінің ұнайды – пациенттің күлімсіреуі мен «Рахмет, өзімді жақсы сезінемін» сөздері. Мен адамдарды жаңа ашылуларға шабыттандырғым, ынталандырғым келеді. Қазірдің өзінде кіші курс студенттері келіп менен тағылымдама жайлы сұрайды, және мен әлде кімді кең ойлауға ынталандырғаным мені қуантады.
27.03.19, Жетістік тарихы
Көру саны: 135