АҒЫЛШЫН ТІЛІ ҚОРҚЫТ АТА АТЫН. ҚМУ-де
Қыркүйектің басында ағылшын тілі бағдарламасының конкурсы аяқталды, оны биыл Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры Қызылордағы Қорқыт Ата атындағы университетінде бастады. 127 студенттер мен оқытушылар ағылшын тілін оқуға кірісіп те кетті.
Конкурсқа 385 студент және 111 университет оқытушысы қатысты (496 адам тіркелді). Қатысушылардың көпшілігі Қызылорда университетінің инженерлік-технологиялық, инженерлік-экологиялық, педагогикалық және де жаратылыстану факультеттерінің қызметкерлері немесе студенттері болып табылады. Конкурс 3 кезеңнет тұрды. Алдымен комиссия, құрамында қор мамандары Жадыра Сарманова мен Нурсұлтан Нурмуханов, сонымен қатар, белгілі Bonas MacFarlane Education Kazakhstan халықаралық білім беру компаниясының қызметкері Вернон Леманнның, қатысушылардың өтініміндерін, құжаттар пакетін, студенттердің GPA-лерін және де эсселерінің сапасын бағалады. Келесі сатыда барлық ізденушілерге жазбаша тест тапсыру ұсынылды, соңғы сатыда қатысушылар интерьвю барысында өздерінің ауызша ағылшын тілді меңгеру деңгейін көрсету қажет болды.
Конкурс қорытындысы бойынша біз 127 адамды іріктеп алдық. Дәл сол іріктеп алынған қатысушылар Ш.Есенов атындағы қордың грантына ие болып, ағылшын тілі бағдарламасының қатысушылары атанды. Жеңімпаздардың ішінде 94 студент және 33 оқытушы бар, — деп атап өтті Жадыра Сарманова. — Қатысушылар тілді меңгерудің нақты деңгейін көрсетуі тиіс болатын. Біз олардың ауызекі тілді меңгеру машықтарын тексердік, себебі, жазбаша тесттердің нәтижелері толық картинаны бермейді. Барлық көрсеткіштерді ескере отырып, оқыту топтарын құрдық. Бағдарламаның мақсаты – жай ғана тілді білу деңгейін арттыру емес, тілді тәжірибеден өткізу үшін қатысушылар үшін барынша тиімді орта қалыптастыру.
19 қыркүйектен бастап Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да қор бағдарламасы бойынша сабақтар басталды. Оларды Вернон Леманн және Элвис Эмеквежүргізеді. Олар Bonas MacFarlane қызеткерлері болып табылады. Вернон 2013-2016 жж. Ақтауда Есенов атындағы КМТИУ-да осындай бағдарламаны өткізу кезінде өзін жақсы қырынан көрсеткен болатын. Нәтижесінде 192 студент және 64 оқытушы өз кәсібі саласында ағылшын тілін меңгеру деңгейін айтарлықтай жақсартты. Қызылордалық бағдарлама 2019 жылдың мамыр айында аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылордағы конкурсты алдыңғы оқу жылының соңында аяқтау жоспарда болған, алайда, жоо әкімшілігінің жаңадан түскен студенттер де ағылшын тілі бағдарламасына өтінім берсе деген өтініші бойынша, қор өтінім қабылдауды 4 қыркүйекке дейін ұзартуға шешім қабылдаған болатын.
26.09.17, Жаңалықтар
Көру саны: 561