Анастасия Хан

Мамандығы: органикалық заттардың химиялық технологиясы. Тағылымдама: Швейцариялық Федералдық Технологиялар Институты, Швейцария.

Настя Қазақстан-Британ техникалық универститетінде (ҚБТУ) химиялық технологияларды зерттейді. Өткен қыста ол Академик Ш. Есенов атындағы қордың грантын жеңіп алып, өзі таңдаған Швейцариялық федералдық технологиялар институтының (EPFL) органикалық-металдық және медициналық химия зертханасына барды.

Химияға деген қызығушылық қалай пайда болды?
Оған Жюль Верн арқылы келдім. Бірде химияның құпияларын меңгеріп, оларды нәтижелі пайдаланатын Сайрус Смиттің хикаялары туралы оқыдым. Бәрі сол күннен басталды. Кейін, кәдімгі мектеп зертханасында қызуғышылығым арта түсіп, химиямен тереңірек айналысуды қолға алып, ғылыми әдебиеттерді оқи бастадым.

Грант үшін конкурста өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Әуел бастан барлық талапкерлердің таңдаулылардың таңдаулылары болатынын түсінетінмін, олардың арасынан жеңімпаз болғаным өзіме де күтпеген жәйт болды. Мен барынша позитивті болуға ұмтылдым, мысалы конкурсқа қатысудың өзі қай жағынан алып қарасаңыз да өте пайдалы тәжірибе емес пе?! Екінші кезеңі өте қызықты болды, мен осындай конкурстарға алғаш қатысуым еді. Сол тәжірибе менің өмірімді өзгертті деп сеніммен айта аламын. Сондықтан әрдайым өзіңе сеніп, өзіңді сынап көру қажет!

Тағылымдама туралы айтып өтсеңіз: немен айналыстыңыздар, не үйрендіңіздер?
Тағылымдамадан органикалық-металдық және медициналық химия зертханасында (Laboratory of Organometallic and Medicinal Chemistry)профессор Пол Дайсонның жетекшілігімен өттім. Мен үшін ең маңыздысы – органикалық синтезддеу және заттар құрылымын анализдеу әдістерін үйреніп алу болды.  Биозертханадағы қауіпсіздік техникасына үйренуден кейінгі алғашқы апталарда зертханалық жұмыстарға кірісіп кеттім. Иондық сұйықтарды оларда цитотоксикалылық құрамды заттардың бар-жоғын арнайы тестілер арқылы тексердім, мақсат – оларды қатерлі ісік (рак) жасушаларымен күресте пайдалануға мүмкін бе деген сауалға жауап іздеу еді. Дәл сол зертханада заттар кешенін синтездеу жобасына қатыса алдым, оның нәтижелері маңызды экологиялық мәселені — көміртек диоксидінің атмосфераға тасталуы мәселесін шешуде пайдаланылады.

Өз алдыңызға қойған кезекті мақсаттарға жетуде тағылымдаманың жәрдемі болды ма?
Келесі жылы университетті аяқтаймын. Ал, EPFL-дің маған қатты ұнағаны сондай, онда мастерлік бағдарламаға оқуға түсуге қызығып кеттім. Әрине, тағылымдама өз тарапынан сондай оқуға түсуге мүмкіндіктерімді бірнеше есеге арттырды. Сол себепті, өз мақсаттарымды жүзеге асыруға жәрдем ететін маған ұсынылған мүмкіндік үшін қорға деген алғысым үлкен. Тағылымдамадан кейін өз еңбек жолымды ғылыми ізденістерге арнауға түбегейлі шешім қабылдадым.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 173