Амир Бралин

Мамандандығы: физика. Тағылымдама: The University of Arizona, АҚШ.

Қазір Әмір 21 жаста. 17 жасында ол алдағы уақытта физикамен айналысқысы келетінін түсініп, университетке түсті. Ақтөбелік  студентке қалайша Аризона университетінің химия және биохимия факультетінің зертханасына тағылымдамадан өту бұйырды?

Физика сіз үшін әуестіктен гөрі көбірек қызықты екенін сіз қашан түсіндіңіз?
Мектептегі кез болатын. Түсіну  ұзаққа созылды. Жалпы алғанда, маған 7-ші сыныптан бастап бақандай 5 жыл қажет болды. Алайда, бұл жолда көптеген қызықты әрі пайдалы нәрселер болды. Физикамен мен қазақ-түрік лицейінде білім алуды бастағаннан бері бірден таныстым. Мен балалармен бірге Алматыға физика бойынша олимпиадаға бардым. Жоғары сыныптарда мен республикалық және халықаралық деңгейдегі физика бойынша жарыстарға барып, қатысқан едім. Лицейді аяқтаған соң мен физикалық ғылымның жалпы мазмұнын және де физика факультетіне түсетінімді айқын түсіндім.

Қордың грантына арналған Сіздің конкурсыңыз қалай өтті?
Бірінші кезең дәстүрлі түрде өтті – мен конкурсқа өтінімді алғаш рет беріп тұрған жоқ едім. Бірақ бізді 2-кезеңде командалық ойындар үшін жинаған кезде, мен кенеттен қатты толқығанымды сезіндім. Менің қасымда әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, мықты жастар отырды. Олардың студенттік зерттеулерінің тақырыптары сан алуан болды. Және мен барлығы аяқталғаннан соң, тіптен еңсемді түсірдім, себебі мұндай бәсекелестікті жеңемін деп сенбедім. Алайда бірнеше күн өткен соң менің достарым мені жеңісіммен құттықтай бастады.

Сіз тағылымдамада немен айналыстыңыз? Және де физик химиялық зертханаға қалай тап болды?
Бәрі оңай. Мен тағылымдамадан өткен профессор Людвик Адамовичтің  зертханасы Аризона Университетінің химия факультетінде орналасқан. Бірақ ол физикалық проблемалармен – атомдар мен молекулалардың жаңа және бізге белгілі, ескі қасиеттерін зерттеумен айналысады. Бұл заманауи ғылымның пәнаралық бағыттары үшін әдеттегі іс. Тағылымдама кезінде менің міндетім энергияның дәл есептері және атомдардың басқа маңызды шамалары үшін қолда бар алгоритмдерді жетілдіру болып табылды. Соңғы 10-20 жыл ішінде сол бір қасиеттерді өлшеу әдістері өте дәл болды. Сондықтан, теория мен эксперимент арасындағы теңгерімді қайтару үшін, біз есептеулер кезінде пайдаланатын атомдардың модельдерін күрделілендіру қажет етілді, және де мен сонымен айналыстым.

Тағылымдама қорытындылары бойынша не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Біздің есептеулеріміз сәтті болып шықты. Алгоритмдер тәжірибемен келісімде іске қосылды (біз нәтижелерімізді спектроскопия саласында жуырдағы эксперименталдық еңбектердің жұмыстарымен салыстырдық). Сондай-ақ, нәтижесінде, біздің ғылыми еңбегіміз Physical Review A америкалық ғылыми журналына жарияланымға қабылданды. Мақала түпкілікті 2018 жылғы қаңтар айында жарыққа шықты (сілтеме: PhysRevA.97.012513). Жалпы тұрғыдан, мен Аризона Университетінің суперкомпьютерінде жұмыс тәжірибесін алдым. PhD студенттерінің өмірі қалай өтіп жатқанын көрдім. Факультеттің іс-шараларында химиктер жөнінде көптеген қызықты нәрселер біліп, ой-өрісімді кеңейттім. Университеттің кітапханаларына бардым, мұнда сан алуан тілде жазылған көптеген білім салалары туралы кітаптарды табуға болады. Ия, бір кітапханада ғана емес, бірнеше кітапханада болдым. Американың әрбір ірі жоғары оқу орнында олар бірнешеу болады. Сондай-ақ, алғашқы барған кезде олар таңқаларлық әсер қалдырады.

Әрі қарай қандай жоспарларыңыз бар?
Сөйтіп, менің жақсы журналда ғылыми мақалам пайда болды. Алынған жұмыс тәжірибесі және профессор Адамовичтің ұсыныс хаты менің Graduate School АҚШ білім ордасына түсу мүмкіндігімді бірнеше есеге арттырды. Және, жуырда, мен Purdue University университетіне  – атомдар физикасы саласында белгілі ғалым профессор Крис Грингенің докторантура бағдарламасына түстім. Ал, бакалавриатты бітірген соң, осында оқуымды жалғастыратын боламын.

3.03.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 193