Алтай Сабырбай
Мамандығы: Back end әзірлеуші. Тағылымдама: Decentralized Finance Labs, АҚШ.
Ол 27 жаста, Қарағанды маңындағы Саранның тумасы. Бейжің технологиялық институтының аспирантурасында білім алды. Есенов атын. қор байқауының жеңімпазы атанып, Штаттардағы алты айлық тағылымдамаға аттанды. Алтай WebTotem әзірлеуге қатысты. Тағы неге қызығушылық танытады және жақын арада оны қайдан көреміз?
Компьютерлік әзірлеумен айналысқыңыз келетінін қалай түсіндіңіз?
Қытайда оқып жүрген кезімде оқуды бітіргеннен кейін алдағы өмірімді осы мамандыққа арнайтындай инженер-жылуэнергетик мамандығы маған онша қызық емес екенін түсіндім, сондықтан өз бетімше бағдарламалаумен айналыса бастадым.
Байқауда жеңіске жету оңай болған жоқ, бірақ, менің білуімше, кейде тағылымгердің мүдделеріне сәйкес келетін стартап табу қиынға соғады…
Мен стартапты angel.co сайты арқылы таптым. Бұл өзіндік стартаптар базасы, онда сіз тек жұмыс орнын, тағылымдаманы ғана емес, сонымен қатар, инвестициялау жөніндегі компанияны және сіздің компания пайдалана алатын өнімді де таба аласыз. Мен үшін іздеудің басты критерийі оның қызмет аясы мен қолданылатын технологиялары болды. Нәтижесінде, мені тағылымдамаға шақыруға келіскен стартап Decentralized Finance Labs деп аталды. Ол криптовалюта мен өзінің қосымшаларын іске қосатын платформаны біріктіретін өнімді әзірлейді.
Сіз тағылымдамада немен айналыстыңыз?
Қосымшаның серверлік бөлігін әзірлеуге, қосымшаның интерфейсін (API) және оған арналған құжаттаманы жасауға көмектестім. Сонымен қатар, біз әзірлеген платформаны сынақтан өткіздім. Менің міндетім өңдеу операцияларының максималды жылдамдығын (секундына жасалатын транзакциялар санын) анықтау болды. Ақауы бар жерлерін тауып, оларды жөндеп отырдым. Ағымдағы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы күнделікті талқылауларға қатыстым.
Қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Өзім, дербес, блокчейнді сынауға арналған қосымшаны әзірледім, атап айтқанда транзакцияны өңдеудің максималды жылдамдығын анықтау үшін. Кәсіби деңгейде өстім, тек қана блокчейнге ғана емес, сонымен бірге бағдарламалауға және жалпы IT саласына қатысты конференциялар мен митаптарға қатыстым. Блокчейн-технологияларын және олардың қаржылық және техникалық салада, атап айтқанда криптовалюта саласындағы қолданылуын терең зерттедім және виртуалды компьютерде блокчейнді қалай қолдану керектігін біліп, үйрендім. Кремний алқабының стартаптры қалай жұмыс істейтінін түсіндім, алпауыт IT-компаниялардың кеңселерінде болдым.
Алтай, әрі қарай қандай жоспарларыңыз бар?
Қараша айынан бастап Қазақстандамын, Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығында (ЦАРКА) back end әзірлеуші ретінде WebTotem өнімімен жұмысымды жалғастырып жатырмын, ал бос уақытымда жеке жобаларымды әзірлеумен айналысамын. Әзірге олар туралы толық айтпаймын, алайда менің идеям – деректердің өзгермейтіндігінің кепілі ретінде блокчейн көмегімен стартап құру. Бұл жобада мен Америкада жұмыс істеген кезде түсінгендерімді қолданамын: стартаптың жетістігі сапасы мен қызметкерлердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының тереңдігіне тәуелді. Шетелде тағылымдамадан өту тәжірибесі маған жақсы әріптестер мен шетелден тапсырыс берушілер табуға көмектеседі.
Әзірлеу мен бағдарламалаудан басқа, тағы неге қызуғушылық танытасыз?
Әрине, спорт. Онымен бала кезімнен айналысып келемін: грек-рим күресі, футбол, бокс, волейбол және шахмат. Кибер-спортпен де әуестенемін. Ал Кремний алқабындағы тағылымдама кезінде Йосемит ұлттық паркінде болып, альпинизмге қызығушылық таныта бастадым, себебі Пало Альто маңында альпинистік скалодромдар көп.
25.06.20, Жетістік тарихы
Көру саны: 164