Әлібек Қуанышбек

Мамандану: Жалпы медицина. Тағылымдама: University of Surrey, Ұлыбритания.

Әлібек — Семей мемлекеттік медициналық университетің студенті. Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының грантын жеңіп алып, биылғы жазда ол Суррей Университетіне барып, Медициналық ғылымдар мектебінде тағылымдамадан өтті.

Сіз үшін бағдарлама конкурсынан ең қызықтысы неде болды?
Мен көптеген бағдарламалар мен конкурстарға қатыстып, бірак тағылымдамаға арналған конкурс мғн үшін ең қызықты болып шықты. Бұл ақылғойлардың ғана емес, сондай-ақ жігерлі, өршіл және талапкер көшбасшылардың жарысы. Әсіресе бүкіл елден жартылай финалистер жиналған екінші тур менің есімде қалды. Екінші турдың барысы маған «Ашыққандар ойындары» фильмін еске түсірді, мұнда әрбір қатысушы «жеңімпаз» атағына ие болу құқығы үшін күресті. Мен бақытты жеңімпаздар санына кіргеніме өте қуаныштымын.

Тағылымдама туралы айтып берсеңіз.
Мен неврология және нейропсихология профессоры Аннет Стеррдің басшылығымен «Brain and Behaviour Research Group» зертханасында еңбек еттім. Біз Лондон университетініңзертханасымен бірлесіп жұмыс істедік, олар бізге инсульт бойынша барлық қажетті материалдар мен деректерді ұсынды. Мен бірге жұмыс істеген ғалымдардан көп нәрсеге үйрендім. Менің зерттеу салам мидің иілгіштігі болды. Біз компьютерлік ойынды пайдалана отырып, сауалнамалардың доминанттық қолын қимылсыздандырудың түрлі әсерлерін зерттедік және де бас миінің қызметін ынталандырдық. Зертханада жүргізілген эксперименттер мидің иілгіштігі – емделушілерді оңалтудағы негіз қалаушы фактор екенін дәлелдеді. Тағылымдама басталмас бұрын мен өзіме бірнеше мақсат қойдым. Кәсіби мақсаттарға маған болашақта зерттеуші-дәрігер кәсібінде және докторантураға түсуге қажетті болатын қасиеттерді дамыту кірді.

Ал нәтижелері қандай?
Менің ойымша, мен көшбасшы қасиеттерін иемдендім, аналитикалық, сыни ойлау қабілетімді және стратегиялық жоспарлау дағдыларын дамыта алдым. Сондай-ақ жауапкершілік, еңбекқорлық, білуге құмарлық пен табандылық сияқты қасиеттерді дамыттым.

Сіз ғылыми салада тағылымдама кезінде не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Зерттеулер кезінде түрлі қиындықтар болды. Мысалы, ерікті емделушілер және толыққанды ғылыми жұмысты жүргізуге арналған құралдар жетіспеді. Қорытындыда тағылымдаманың алғашқы айының нәтжелері мен күткеннен төмен болып шықты. Бірақ зерттеу траекториясын өзгертіп, тек қана инсульт деректерін таңдап, біз қойылған мақсаттарға қол жеткізе алдық. Менің пікірімше, ең бастысы – бұл зертханадағы командалық рух, мұндай атмосфера күні бойы таусылмас қуат пен энтузиазм берді. Біздің зерттеу нәтижелеріміз бас миі функцияларының бұзылысы бар емделушілерді оңалтуда пайдаланылуы мүмкін.

Әлібек, әрі қарай не істейсіз?
Джон Дьюидің айтқан сөзі бар: «Білім — өмірге дайындық емес, білім – нағыз өмір» Мен бұл ұлы сөздерді әрдайым ойдан шығармаймын. Мен грант иегері не үшін болдым? Тағылымдама барысында тәжірибе алуға ма? Менің ұзақ мерзімді мақсатым бар – Қазақстанда неврологияны ғылым ретінде дамыту. Және де осыған қол жектізу үшін мен ғылыммен тығыз айналысуым керек. Ең бастысы Қазақстанда дәрігер дәрежесін (MD) аламын, содан кейін шетелдік докторантурада оқуымды жалғастырамын. Дәрежені алып, мен біздің ауруханаларымызға озық диагностикалық технологияларды және емдеу әдістерін енгізе аламын. Ал егер тіпті одан әрі көз салса, онда мен біздің елімізде ғылыми-зерттеу зертханаларының желісін құруды жоспарлап отырмын.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 221