Александра Ким
Nazarbayev University-тетінің компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша 22 жастағы түлегі Александа өткен жылдың тамыз айында америкалық KarFarm стартапында машықтануға кірісіп кеткен еді. Жылдам да оңай болатын жеке көлікті сатып алуға арналған платформаны құрастырумен айналысатын Кремний алқабындағы тәжірибесін Саша осы ақпанда аяқтады.
1. Осы мамандықты қалайша және де қай кезде таңдағаныңыз есіңізде бар ма?
Бағдарламалау пәнінің жоғарғы сыныптарда оқытыла бастағаны жадымда бар. В старших классах школы начали преподавать программирование. Шынын айтқанда, бұл пәннің басында күрделі, қызықсыз болғаны рас. Бірақ уақыт өте келе қызығушылығым артып, пәнді оқу жеңілдей түсті. Техникалық мамандықпен айналысқым келетінімді жасымнан білдім, дегенмен инженерия айтарлықтай көңілімнен шыққан жоқ. Одан қалса неліктен математиканы таңдамадың деген сұрақ негізсіз емес. Алайда математика мен үшін тым теоретикалық болып көрінген еді. Ал бұлардың қасында компьютерлік ғылымдар болашақ мамандығымнан үмітімді қанағанттандыратын.
2. «АҚШ стартаптарындағы IT тағылымдамалар» бағдарламасына түсу үшін өткен байқаудың ең қиын немесе қызықты сәті туралы айтып кетсеңіз?
Қандай-да бір еңсерілмейтін кедергілер болмады. Ал мен барған стартапта керісінше – проблемалар жеткілікті еді: соның ішінде қаржыландыру жағынан, бірақ бұл стартаптарға дағыдылы құбылыс. Біздің СЕО-(ең басты директор)-мен орын алған қызықты да танымды әңгімелеріміз әлі күнге дейін есімде. Мезгіл-мезгіл ол бізбенен стартаптың хал-ахуалы, қаржыландыру процессінің жағдайы жайлы, жоспарлары туралы бөлісетін еді.
3. Стартапты қалайша таңдадыңыз? Тағылымдама қалай өтті?
20 шақты стартаптар мен кішігірім компанияларға жүгіндім. Жартысынан көбісі жауап та бермесе, төрттен бірі интерндерді қабылдауға не мұқтаж еместегін, не лайықты жағдай жасай алмайтындығын хабарлады. Басқалары жауаптарын кеш жіберді – мен KarFarm стартапын таңдап қойған едім. Бесінші болып төрт инженерге қосылып, жалпы 13 адам жұмыс жасайтын кішкене стартап менің дағыдларымды талап етендігіне сендім. Android-қа негізделген мобильдік қосымшаны жазу маған қойылған мақсат болды. KarFarm-ның көздеген мақсаты – автомобильдерді сатып алуды ыңғайлы ететін тұғырнамасын жарыққа шығару. Веб-сайт немесе мобильдік қосымша арқылы клиент хабар берсе болды, одан кейін жіберілген бірнеше ұсыныстарды қарап шығып, өз таңдауын жасаса, көлік клиенттің есігінің алдына дейін жеткізіледі. Қазіргі кезде стартап өзінің веб-қызметін түзетіп, жетілдіру сатысында жұмыс істеп жатыр.
4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Стартаптың қызметі мен қарқынды даму барысын бақылау өте қызықты болды. Егер де бірдеңіні жасау не өзгерту керек болса, сол мәселені өзара тез талқылап, кідеріссіз іске кірісіп кетесің. Көптеген сұрақтар өзіңнің қарап шешуіңе қалады. Android қосымшалары жайлы білігі бар жалғыз адам өзім болғасын, жұмысымның басым бөлігі өз бақылауымда болды. Стартапта жұмыс жасаудың өзіндік романтикасы осы да болар – жай интерн болсаң да, стартаптың дамуына сенің қосқан үлесіңнің маңыздылығы азаймайды. Қиындықтар туған жағдайда жаныңда отырған бас инженермен, немесе команданың басқа да мүшелерімен ақылдаса аласың; барлығы да көмектесуге даяр. Менің тағылымдамамның соңында өнім Google Play-ге шықты. Бағдарламағны толығымен қолдану мүмкіндігі әзірше тек қана ресми көлік дилерлерінде ғана бар. Стартаптың өзінің алға қойған мақсаттарына сәтті жетуіне де кез келді деп сенемін! Машықтану осы саладағы бағасыз тәжірибе жинауға бірегей мүмкіндік болғаны сөзсіз!
30.10.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 651