АДАМБЕКОВ ЖӘНЕ КОКТЫШЕВ «ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАРЫНДА»
Ақпан айындағы Алматы университеттерінде «Есеновтік оқулар» қонақ дәрістерін оқитын шоғырға тағы екі белгілі дәріскерлер қосылды. Павел Коктышев пен Тілектес Адамбаев – өз салаларындағы белгілі кәсіпқойлар.
23-ші және 25-ші ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) мен Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің (ЖЭУ) студенттері алдында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тілектес Адамбаев дәріс оқыды. Туып-өскен жері Қарағанды қаласы болатын, телекоммуникация мамандығында Шанхайда білім алған, Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының негізін қалаушысы және Қазақстанға Қытайдан инвестицияларды тартумен айналысатын Silk Road Kazakh-Chinese Center of Cooperation компаниясының директоры болып табылады.
Дәріс тақырыбы Тілектестің Қытайда 9 жыл бойы оқуы мен студенттік қауымдастықтың қызметі болды. ҚазҰУ-де 26 жастағы дәріскерді шығыстану факультетінің студенттері қарсы алса, ЖЭУ оқу орнында әр-түрлі факультеттердің жастары болды. Сәуір айында Тілектестің қатысуымен «Есеновтік оқулар» Қазақ-Британдық техникалық университетінде (ҚБТУ) өткізу жоспарланып отыр.
Ақпан айындағы дәріскерлердің екіншісі – MOST Жас кәсіпкерлер клубының (бизнес-инкубатор-акселераторшы) ортақ құрылтайшысы және бас директоры Павел Коктышев. Павел – Сүлеймен Демирел атындағы және КИМЭП университеттерінің түлегі, Global Entrepreneurship Network өкілі және Дүниежүзілік экономикалық форумының Global Shapers қауымдастығының жетекшісі.
10-шы ақпан күні ҚБТУ студенттері алдында, ал ҚазҰУ маркетинг, менеджмент және экономиканы факультеттерінің студенттері алдында дәріс оқыды. Коктышев студенттерге өзіңнің креативтік әлеуетіңді қалай босатып, жаһандық компанияны қалай құруға болатындығы туралы әңгімеледі. Кәсіпкер, әрі тележүргізуші халықаралық және қазақстандық инновациялық компаниялардың кейбір «құпияларымен» бөлісіп, сондай-ақ дарынды стартаперлерге MOST қалай көмектесетіндігі туралы айтты.
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Есеновтік оқулар» бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
5.03.16, Жаңалықтар
Көру саны: 196