Сарапшылар кеңесі

  • Эльдар Ахметгалиев

    Техникалық сарапшы, бірнеше бизнесті жүргізетін кәсіпкер

    Қазіргі уақытта narya.ai компаниясындағы жасанды интеллект бойынша бас маман, блокчейн жобаларының киберқауіпсіздігімен айналысады. Осыған дейін BallerTV-де Chief Science Officer (2022) ретінде қызмет атқарды, MOCAP Analytics стартапының негізін қалаушы (2012-2017 жылы Sportradar-ға сатылған), қолданбалы математика, машиналық оқыту және жасанды интеллект, жасыл технологиялар, блокчейн технологиялары, спорттық аналитика және спорттық технологиялар бойынша ғылыми зерттеулердің әртүрлі салаларында мол тәжірибесі бар.
    2009 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын (бакалавриат, магистратура), 2015 жылы — Калифорния технологиялық институтын (PhD) бітірген. linkedin

  • Ринат Искаков

    Сәтбаев университетінің профессоры

    Сәтбаев университетінің профессоры
    Арнайы мақсаттағы полимерлерді, релаксациялық және ынталандыруға сезімтал жады бар полимерлік материалдарды, полимерлі жабындар мен жұқа пленкаларды синтездеу және өндіру технологиялары саласындағы сарапшы.
    1991 жылы Мәскеу жұқа химиялық технология институтын (МЖХТИ), 1997 жылы Техас мемлекеттік университетін (магистратура) бітірді, химия ғылымдарының докторына (1999-2003 Токио озық биоматериалдар институты) оқыды. linkedin

  • Марина Скиба

    Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сараптамалық кеңесінің төрағасы

    Білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы, ETF (Еуропалық білім беру қорының) елшісі, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) сарапшысы, BTS-education сарапшысы, Қаржы академиясының бұрынғы ректоры, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі кеңесшісі, п.ғ. к., қауымдастырылған профессор. linkedin

  • Нұрлыбек Қасымов

    Oracle компаниясының зерттеуші ғалымы

    MOCAP Analytics компаниясының алғашқы құрылтайшы қызметкерлерінің бірі (founding employee). 2010 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын (бакалавриат, магистратура) бітірген. 2016 жылы Боулдер қаласындағы Колорадо университетінде PhD докторантурасын қорғады.
    Деректер бойынша мамандар мен инженерлер (Data Scientist, Data Engineer), және бэкенд инженерлер тобын басқарады, спорттағы координаталық деректер мен машиналық оқытуды (NFL, NBA) қолдана отырып, көптеген мәселелерді шешуге арналған, мысалы, күрделі ойын сәттерін анықтау, кеңейтілген статистиканы анықтау және жіктеу, спорттық ұтыс тігуге арналған математикалық және алгоритмдік модельдерді талдау және әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізді. linkedin

  • Ерлан Еділбаев

    Snap компаниясының ғылыми қызметкері

    2013 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (Алматы, Қазақстан) бакалавриатты, 2016 жылы Калифорниядағы Сан-Диего университетінің магистратурасын, 2021 жылы Калифорния Мерсед университетінің докторантурасын (техника ғылымдарының кандидаты) бітірген.
    Нейрондық желілерді қысу және машиналық оқытудың басқа да міндеттері үшін сандық оңтайландыру саласындағы ғылыми зерттеулермен айналысады. Көптеген мақалалардың (15+) және патенттердің (2) авторы. Ғылыми зерттеу саласында жұмыс істеген кезде, ол Facebook (Meta), Google, Nvidia, Amazon-да жұмыс істеді/тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Азат Сүлейменов

    Техникалық сарапшы, Менеджер

    Lucid Motors компаниясының powertrain systems тобының жетекшісі. Электр қозғалтқыштарын/беріліс қорабын құру/модельдеу, автомобильдерді кешенді оңтайландыру және модельдеу, жасыл технологиялар, жүйелік оңтайландыру бойынша тәжірибесі бар.
    2017 жылы Бостон университетін (Master in Materials Engineering) бітірген
    2015 жылы Nazarbayev University (Bachelor in Chemical Engineering) бітірді
    2014 жылы “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама” бағдарламасы бойынша Caltech термоэлектрлік материалдар зертханасында тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Тамирлан Сейдахметов

    Инженер - электрик

    Қазір Apple компаниясының Services бөлімінде Data Science саласының менеджері ретінде қызмет етеді. Осыған дейін Чикагодағы CCC Information Services компаниясында Data Scientist ретінде қызмет жасаған.
    2015 жылы Назарбаев Университетінде химиялық инженерия мамандығы бойынша бакалавр, ал 2016 жылы Стэнфорд Университетінде Management Science & Engineering мамандығы бойынша магистр дипломына ие болды.
    “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар” бағдарламасының жеңімпазы, Калифорния Технологиялық Институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Айгүл Имаділдаева

    KZ кеңсесінің бастығы, аға инженер-бағдарламашы, POWR

    2008 жылы Сәтбаев университетін Ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы Малайзия технология университетінде Ақпараттық технологияларды басқару бойынша магистр дәрежесін алды.
    «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 2016 жылы «АҚШ-тың IT-стартаптарында тағылымдама» бағдарламасының жеңімпазы атанды. linkedin

  • Айдос Сарсембаев

    Тереңдетілген робототехника ғылымдарының кандидаты, Алматы басқару университетінің практика профессоры

    Бизнес-процестерді оңтайландыру үшін, ЖИ қолдануға маманданған қазақстандық компаниялардың бірінде Senior Machine Learning инженер. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) профессоры. Компьютерлік көру, сөйлеу технологиясы (сөйлеуді тану және синтездеу), классикалық машиналық оқыту сияқты машиналық оқыту салаларында бай тәжірибесі бар. 2011 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Технологиялық процестерді автоматтандыру» бағыты бойынша магистратураны бітірген. 2018 жылы Италияның Генуя университетінде «Робототехникада ЖИ қолдану» бағыты бойынша докторантураны бітірді. “АҚШ-тың IT-стартаптарында тағылымдама” бағдарламасының жеңімпазы. Yessenov Data Lab 2020 оқу бағдарламасының бірлескен авторы және жазғы мектебінің төртінші аптасының оқытушысы. linkedin

  • Алмагүл Жанайдарова

    @Apleum Technologies негізін қалаушысы және техникалық директоры

    Төмен көміртекті технологиялар саласында үлкен техникалық тәжірибесі бар кәсіпкер және өнертапқыш. Стэнфорд қаласындағы Калифорния технологиялық институтында және Беркли қаласындағы Калифорния университетінде 10 жылдан астам ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық тәжірибесі бар PhD докторы. linkedin

  • Аскарбек Ораков

    Доктор философии (PhD) Еуропалық молекулалық биология лабораториясында (EMBL), Гейдельберг, Германия

    Биоинформатика және бактериялық геномика ғылымдарының кандидаты. Микробиология саласын қолдау үшін биоинформатиканың іргелі бағдарламаларын, ресурстарын және деректер қорын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2018 жылы Назарбаев Университетінде биология ғылымдары бойынша бакалавриат бағдарламасын аяқтады. “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар” және “Yessenov Data Lab” бағдарламаларының жеңімпазы, Бостон Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Берик Калиуллаев

    Hospital Universitario de Bellvitge (Барселона, Испания) ауруханасында резидент-патологоанатом

    Терапевт-дәрігер мамандығы бойынша білім алған, нефрология бағытындағы ғылыми-клиникалық зерттеулермен айналысқан. Медицина ғылымдарының магистрі («Инфекциялық аурулар және біртұтас денсаулық» бағдарламасы, Université de Tours, Universidad Autónoma de Barcelona, University of Edinburgh). Негізгі білімін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де алған. “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар” және “Магистратурада оқу” бағдарламаларының жеңімпазы, Mycobacteria Research Laboratories (Colorado State University) зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Арайлым Қамзабек

    Жалпы практика дәрігер

    Бұрын Рочестердегі Mayo Clinic атты клиникада және Сан-Францискодағы Калифорния университеті кардиология департаментінің ғылыми қызметкері, Цингхуа университетінің (Tsinghua University) зерттеуші ғалымы, Білім сапасын қамтамассыздандыру брйынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) сарапшысы, WeDocs Future TM стартапының негізін қалаушы (2019). ҚР Тұңғыш Президенті шәкіртақы, Amgen Scholarship атты шәкіртақы бағдарламасының иегері және Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырған “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар” бағдарламасының жеңімпазы. Медицина мен ғылымның әртүрлі салаларында мол тәжірибесі бар: пациенттердің электрондық медициналық карталарына енгізілген дәрігерлерге арналған шешім қабылдау жүйесі (clinical decision support), темекі шегудің және электрондық темекінің кардиоваскулярлық әсерлері, профилактикалық медицина саласындағы ғылыми зерттеулер жасады. Mayo Clinic атты клиникада (Рочестер) және Калифорния университетінде (Сан-Франциско) тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Арайлым Майкенова

    Дәрігер гастроэнтеролог / гепатолог

    Білімі: Астана медицина университеті, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.
    Тағылымдамалар және мамандандығы:
    – Vilnius University Hospital Santariskiu Klinikos, Вильнюс, Литва;
    – NYU Langone Health, Нью-Йорк, АҚШ;
    – Open Medical Institute және оның әріптес институттары, the Children’s Hospital of Philadelphia and Medical University of Graz, Зальцбург, Австрия.
    Қосымша:
    – 6 ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы;
    – Еуразиялық Аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығының сыртқы сараптама комиссиясының мүшесі;
    – Еуропалық бауырды зерттеу қауымдастығының (EASL)мүшесі.
    “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар” бағдарламасының жеңімпазы, NYU Langone Health – Fertility center зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Айгерим Сагандыкова

    Data Scientist в Booking.com, Амстердам, Нидерланды

    Сүлейман Демирел атындағы университеттің түлегі. “АҚШ-тың IT-стартаптарында тағылымдама” бағдарламасының жеңімпазы. Бағдарлама аясында Сан-Франциско қаласындағы Healthiest.io компаниясында тағылымдамадан өтті. Бұрын Kaspi.kz компаниясында Data Science Team Lead (Деректер ғылыми тобының жетекшісі) ретінде жұмыс істеді. Телеграмм аясында өз арнасын жүргізеді.  linkedin

  • Бимаржан Асатова

    Кембридж университетінің магистранты, осы күзгі семестрде Гарвард университетінің аспиранты

    Гарвард Медициналық Мектебі мен Массачусеттс Жалпы Профильдегі Ауруханасының аға ғылыми қызметкері. Қазіргі уақытта Т-жасушалы лимфомасы және лейкозы бар науқастарға иммунотерапияны әзірлейтін ғылыми жобада жұмыс жасайды. Осыған дейін, Массачусеттс Технологиялар Институтында (MIT) әйелдердің репродуктивтік жүйесіндегі онкологиялық аурулары мен терпияға тұрақтылық тудыратын процесстердің механизмін зерттеді. Онкология, иммунология, эмбриология, даму биологиясы, генетика, биотехнология, дәрежелендіру технологиясы мен доклиникалық тесттер жүйесінде мол тәжірибесі бар. Max Planck’s Partner Group, Оңтүстік Кореядагы UNIST-те, Жапониядағы Эмбриология мен Генетика Институтында, Гарварде және MIT-те тағылымдамадан өтті. 2021 жылы Назарбаев Университетін бітіріп, 2021-2023 жылдары Гарвард Медициналық Мектебінде жұмыс істеді, 2023 жылы Кембридж Университетінде оқуын бастайды. “Әлем зертханаларындағы ғылыми
    тағылымдамалар” бағдарламасының жеңімпазы, Роберт Вайнберг зертханасында (MIT) ғылыми тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Евгений Ким

    Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің ғылыми қызметкері

    Миокард инфарктісі терапиясының жаңа түрін сынау жобасында жұмыс істейді. АҚШ пен Жапониядағы кардиология институттарында тағылымдамадан өтті. Иммунология, молекулалық биология және медицина бойынша беделді ғылыми журналдарда 10-нан астам жарияланымның авторы. 2021 жылы Назарбаев Университетінде Медицина докторы (MD) бағдарламасын қызыл дипломмен бітірді. 2017 жылы Назарбаев Университетінде биология ғылымдары бойынша бакалавриат бағдарламасын қызыл дипломмен бітірді. «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы болып, АҚШ-тағы Питтсбург қаласында Питтсбург университетінде тамырлы медицина институтында (Vascular Medicine Institute) тәжірибеден өткен. linkedin

  • Ернар Амергалиев

    toptal.com жетекші әзірлеуші, todochat стартапының негізін қалаушы, қазақстандық топтейлерлер қоғамдастығының көшбасшысы

    Жұмыстың негізгі әрі көп бөлігі iOS және Android үшін React Native қосымшаларын әзірлеумен байланысты. Ол бүкіл әлемде оннан астам клиенттері мен 200-ден астам әзірлеушісі бар Quintiq компаниясында жұмысын бастады. Әзірлеуші ретінде, технологияларға қатысты барынша өнімділік пен заманауи амалдарды қолдануға тырысады.
    Білімі: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы бакалавр дәрежесі (Мультимедиялық университет – Киберджая, Малайзия, 2009-2012), Ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы бакалавр дәрежесі (Еуразия Ұлттық Университеті – Астана, Қазақстан, 2007-2009). “АҚШ-тың IT-стартаптарында тағылымдама” бағдарламасының жеңімпазы. linkedin

  • Бексұлтан Абылхани

    Техникалық сарапшы, инженер-химик

    Қазіргі уақытта Стэнфорд университетінің тұрақты даму мектебінің PhD студенті. Топырақ пен жер қойнауының ластануын модельдеу үшін (reduced order modeling for subsurface flow simulations) тапсырыс модельдерін (Машиналық оқыту) зерттейді және әзірлейді. Инженерлік кеңес беруде және шиналарды қайта өңдеу бойынша стартапта жұмыс істеді. Жер үсті және жер асты суларын математикалық модельдеуде, қатты қалдықтардың ыдырауы мен жануын зерттеуде, өнеркәсіптік және аграрлық суларды тазартуда ғылыми тәжірибесі бар.
    2018 жылы Назарбаев Университетін (бакалавриат), 2020 жылы Висконсин-Мэдисон университетін (магистратура) бітірген.
    2017 жылғы “Ұлыбританиядағы (Open University) жазғы тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпазы” және 2019 жылғы магистратурадан өтуге арналған білім беру грантының иегері болып табылады. linkedin

  • Ирина Должикова

    Нұсқаушы, «Компьютерлік ғылымдар» департаменті, Назарбаев Университеті

    Назарбаев Университетінде «Ғылым, инженерия және технология» мамандығы бойынша PhD. «Ми-компьютер интерфейсі (BMI) технологиясының болжамды моделі» тақырыбында тақырыбында диссертация қорғады. Назарбаев университетінде «Электротехника және электроника» мамандығы бойынша үздік бакалавр дәрежесін (2016) және магистр дәрежесін (2018) алды. 2017-2018 жылдар аралығында Назарбаев Университетінде оқытушы көмекшісі болып жұмыс істеді. 2016 жылдан 2018 жылға дейін микроэлектроника саласындағы ғылыми жобалармен, 2019 жылдан бастап BMI саласындағы зерттеулермен айналысады. Терең машиналық оқытуға (конволюциялық нейрондық желілер) назар аудара отырып, машиналық оқыту бойынша ғылыми зерттеулерде тәжірибесі бар. Шахмардан Есенов қоры ұйымдастырған бағдарламаларына қатысты: 2015 жылы – АҚШ-тағы Рочестер технологиялық институтында (RIT) зертханаларында “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама” бағдарламасы бойынша жазғы практикадан
    өтті, 2017 жылы – “Есенов шәкіртақысы” бағдарламасының жеңімпаздарының бірі болды. linkedin

  • Сұлтан Көбеев

    ETH Zurich-те Integrated Building Systems бағдарламасында магистратура студенті

    Қазіргі уақытта Сұлтан ETH Цюрихте Integrated Building Systems бағдарламасы бойынша өзінің соңғы семестрін тәмамдауда, ол ETH Excellence Scholarship стипендиясын алған қазақстандық алғашқы студент. Ол ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға, ғимараттарды желіге біріктіруге, энергия жүйелерін оңтайландыруға және жылу энергиясын сақтауға маманданған. Оқуымен қатар ол General Electric компаниясында тағылымдамадан өтуде, онда аралас циклді электр станцияларын термо-экономикалық оңтайландыру үшін бағдарламалық шешімдерді әзірлеумен және бу генераторларының тиімділігін арттырудың жаңа алгоритмдерін жасаумен айналысады. Сұлтан өзінің құрылыс инженері мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін 2021 жылы Назарбаев Университетінде алды.
    Сұлтан “Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама” бағдарламасының жеңімпазы. Ол ғылыми тағылымдамасын Испанияда Льейда Университетінің тұсындағы GREiA лабораториясында өтті. linkedin

  • Сұлтан Мұсахан

    Брок университеті (Онтарио, Канада) Археогеномика саласында PhD кандидаты

    Брок университеті (Онтарио, Канада) Археогеномика саласында PhD кандидаты. Докторлық диссертация ежелгі ДНҚ-дағы транспозондарды талдау негізінде адам эволюциясын зерттеуге және оларды генетикалық маркер ретінде пайдалануға бағытталған. Назарбаев Университетінің бакалавриат және магистратура түлегі (2017 және 2019) және 2015, 2016 және 2018 жылдары Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырған ғылыми тағылымдамалар бойынша үш дүркін стипендиаты болып табылады. Сұлтан өзінің шығармашылық және ғылыми еңбегі арқылы теңдік, инклюзивтілік, айырмашылық және ағартушылықты қолдайды. Брок университетіндегі Brock Horizon 2021 стипендиаттарының бірі. linkedin

  • Азамат Есенғазин

    Pennsylvania State University докторанты

    Пенсильвания мемлекеттік университетінде химия бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Термоэлектрлік мақсаттар үшін жаңа материалдардың синтезін зерттейді. Назарбаев Университеті бакалавриатының түлегі (2024). Азамат «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы болып табылады, АҚШ-тың Колумбус штатындағы Ohio State University университетінің жанындағы органикалық емес және органикалық химия зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Айдар Әлімбаев

    MBZUAI-да докторант (Абу-Даби), ғылыми қызметкер

    Ол қолданбалы химия үшін катализаторларды есептеудің жасанды интеллект әдістерімен жұмыс істеуде. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Fab Lab зертханасында инженер болып қызмет атқарды. Стартап жобалары мен студенттік командаларға техникалық кеңесші ретінде қолдау көрсетті. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2017 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялар университетін (СПбГУТ) «Радиотехника» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.Ұзақ қашықтыққа жүзуші “Pikeman 2022”.2018 жылғы Астана марафонының қатысушысы, қашықтық 42,2 км. linkedin

  • Ақнұр Қалилаева

    Геттинген университетінің магистранты, ғылыми қызметкер

    Ол оңтайландыру, актуарлық математика және статистика салаларына маманданған. 2024 жылы Назарбаев Университетінде «Математика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін үздік тәмамдаған. 2022 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті ұйымдастырған Вашингтон қаласындағы Study of the US Institutes бағдарламасына қатысып, «Әйелдер көшбасшылығы және экологиялық мәселелер» тақырыбында білім алған. 2022-2024 жылдар аралығында Назарбаев Университетінде профессордың ғылыми ассистенті болып жұмыс істеді. Ақнұр 2022 жылы «Есенов шәкіртақысы» және 2023 жылы Yessenov Data Lab бағдарламаларының жеңімпазы атанған. linkedin

  • Юлия Сабирова

    PhD докторанты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының оқытушысы

    Белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады (Scopus). 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобаларының орындаушысы болып қызмет атқарып келеді, кіші ғылыми қызметкер ретінде. 2022 жылы магистратураны аяқтап, ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша PhD-докторантураға түсті. Сабирова Юлия зерттеулерін деформацияланған ортадағы сызықтық емес механика саласында жүргізуде, атап айтқанда күрделі жағдайларда бұрғылау жабдықтарының динамикасын модельдеумен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмысын математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында оқытушылық қызметпен қатар алып жүреді. linkedin

  • Алибек Адильжан

    Оқытушы, ассистент зерттеуші

    Қазіргі уақытта KBTU және AlmaU оқытушысы, математика және математикалық модельдеу институтының қызметкері. 2024 жылы қолданбалы математика мамандығы бойынша ҚБТУ (бакалавриат, магистратура) бітірген. linkedin

  • Дәурен Сәрсенбаев

    MIT университетінде ядролық ғылым және инженерия саласында аспирант және ғылыми қызметкер

    Профессор Харуко Уэйнрайттың жетекшілігімен ядролық қалдықтарды кәдеге жарату және экологиялық модельдеу бойынша мамандануда. Оның зерттеулері реактивті тасымалдауды модельдеу, жылу және масса алмасуы, сондай-ақ деректерді талдауды қамтиды. Қазіргі уақытта ол жоғары белсенді ядролық қалдықтардан энергия алудың әдістерін зерттеп, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу және уран өндіру орындарындағы жерасты суларының деректерін талдап, олардың ұзақ мерзімді экологиялық әсерін бағалаумен айналысуда. Дәурен тәжірибелік дағдыларын 2022 және 2024 жылдары Лоуренс Беркли ұлттық зертханасындағы (LBNL) тағылымдамалар кезінде дамытты және сол жерде докторлар Карл Штифель және ЛианГе Чжэнмен бірлесе отырып әлі де жұмыс істеуде. linkedin

  • Наиль Бейсекенов

    Техникалық сарапшы, қоршаған орта технологиялары және Жерді қашықтықтан зондтау маманы

    Жапониядағы топырақтың ауыр металлдармен ластану көздерін және олардың күріштің дәмдік сапасына әсерін талдау үшін қашықтан зондтау әдісін әзірлеуде.
    Ниигата университетінде Environmental Science and Technologies бағдарламасы бойынша магистратураны тәмамдап жатыр. Негізгі зерттеу бағыты — көпспектралды деректерді талдау үшін машиналық оқыту модельдерін жасау, бұл топырақтың және ауыл шаруашылық дақылдарының күйін дәл болжауға, сондай-ақ экожүйелерге антропогендік әсерлерді мониторинг жасауға мүмкіндік береді. 2022 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін үздік дипломмен аяқтады. Scopus-та 24-ке жуық ғылыми жарияланымы бар, Хирш индексі 5, екі патенттің авторы. Shakhmardan Yessenov Foundation гранты аясында APSU GIS Center-де тағылымдамадан өтті. linkedin

  • Жибек Бекежанкызы

    Ғылыми қызметкер, Мичиган Университеті

    Қатерлі ісік биологиясы, фармакология, токсикология, медициналық химия және химиялық инженерия саласында тәжірибесі бар. 2022 жылы Назарбаев Университетінiң фармакология және токсикология магистрі дәрежесін тәмамдаған, ал 2020 жылы аталған университеттiң химия маманы-бакалавр дәрежесін тәмамдаған. Shakhmardan Yessenov Foundation гранты аясында Мичиган Университетінің нейрохирургия департаментінде тағылымдамадан өтті. linkedin