Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2025

АЛДЫМЕН БЕТТІҢ ТӨМЕНIНДЕГІ БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ.

Shakhmardan Yessenov Foundation 20 студентке ай сайын 70 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындау үшін байқау жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2-5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Шәкіртақы саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

  1. Қордың ресми сайтында – org онлайн өтінімді толтыруы керек.
  2. Өтінімге келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);
  • Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес). *балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;
  • Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
  • Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
  • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
  • Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Өтінімдер 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап 4 наурызына дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Көру саны: 253