Стипендиялық бағдарлама – 2016

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бес* ай сайынғы атаулы студентік стипендиялардыың ұсынылуына конкурс жариялайды. Стипендияны ұсыну аралығы:: 12 ай (2016-жылғы сәуір айынан 2017-ж. наурыз айына дейін).

Бағдарламаның талаптары:

Кім қатыса алады: Қазақстандық университеттердің бакалавриаттарының 2-3 курстарында немесе магистратураның 1-курсында оқитын ҚР азаматтары.

Гранттардың саны: 5

Қажетті құжаттар:

  1. нысанға сәйкес өтінім (қордың yessenovfoundation.org сайтында орналастырылған);
  2. ғылыми жетекішінің (бакалавриат/ магистерлік бағдарламаның басшысы, кафедра меңгерушісі) ұсынымы;
  3. мүдделілігін таныту хаты: «Бізді өзіңізді конкурстың үшінші кезеңіне қатысуға шақырудың нәтижелі болатынына сендіріңіз» (хаттың түрі өз қалауыңызбен: аудио-, бейне таспа, жазбаша);
  4. Жеке куәлік көшірмесі;
  5. Транскрипт (орташа балл 3-тен төмен болмауы тиіс);
  6. магистратура студенттері (бакалавр, маман) үшін жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 10.03.2016-ж дейін.

Ескертпелер: Конкурс үш кезеңнен құралады. 2016-ж, сәуір айына дейін академик Шахмардан Есенов атындағы атаулы стипендиялардың 5 жеңімпазының тізімі жарияланады.

Көру саны: 302