Ғылыми тағылымдамалардан Ұлыбританияның зертханаларында өту бағдарламасы-2018
Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры 5 студентке және оқытушыға жазғы тағылымдамалардан Ұлыбританияның зертханаларында өтуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның талаптары:
Кім қатыса алады: жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, химия мен мұнай-газ салалары бойынша әрекеттегі мамандар, сондай-ақ Қазақстандық ЖООрында аталған бағыттар бойынша білім алатын бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері.
Гранттардың саны: 5
Қажетті құжаттар:
- Түйіндеме;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Сынақ кітапшасының (барлық сессиялар) немесе жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі;
- Дипломдардың, сертификаттардың, конкурстық ғылыми еңбектердің көшірмелері;
- Мүдделілігін таныту хаты, тақырыбы – «Маған тағылымдама … үшін қажет»;
- ЖОО проректорының/ ректорының/ ғылыми жетекшінің ұсынымы;
Ағылшын тілін меңгеру дәрежесін растайтын сертификат/құжат (IELTS/ TOEFL/ өзге).
Толтыру кезінде өтінімгер өтінімінде тағылымдама кезінде жұмыс істеуді жоспарлаған ғылыми еңбегінің тақырыбын көрсетіп, бір профессорды таңдайды. Профессорлардың және олардың ғылыми еңбектері көрсетілген тізімі өтінім нысанында көрсетілген.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 23.04.2017-ж дейін
Ескертпелер: Құжаттардың жиынтығы бар ағылшын тіліндегі өтінімді Қордың электрондық адресіне жолдау қажет: info@vessenovfoundation.org.
Бағдарламаға қатысты құжаттар:
Көру саны: 213