Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2024
Сайт бетінің төменгі жағында орналасқан бағдарлама Ережесімен толық танысып шығуыңызды өтінемін!
Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге арналған әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама байқауын жариялайды.
ЕГЕР:
- ҚР азаматы болсаң;
- Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
- Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
- Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
- Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, 2024 ЖЫЛДЫҢ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА МҮМКІНДІГІҢ БАР!
Бұл үшін 09.10 бастап 14.11.2023ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру және келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік сканы;
- «Менің арманымдағы зерттеу жұмысы» тақырыбындағы эссе.
Эссе мазмұны келесідей сұрақтарға жауап беруі керек:
– Қазіргі таңда қандай зерттеу тәжірибеңіз бар?
– Өзіңіздің арманыңыздағы зерттеу жұмысы қандай және оны іске асыру үшін не істеу қажет деп ойлайсыз.
- Транскрипт (барлық оқу семестрлері);
- Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан диплом – 1 құжаттан артық емес;
- Түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар – 3 сертификаттан артық емес;
- Әлеуметтік белсенділік және волонтерлық сертификаттары-2 сертификаттан артық емес
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес;
- Ғылыми жетекшіден/ректордан/проректордан ұсыным хат – 1 құжаттан артық емес.
Бағдарламада әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 90 күнге дейінгі жалпы саны 10 грантты қарастырылған.
Бағдарлама ережесі
Downloaded: 254, Size: 46.3 KB
2-кезең қатысушыларының тізімі
Downloaded: 99, Size: 11.6 KB
Жеңімпаздар тізімі
Downloaded: 148, Size: 10.3 KB
Көру саны: 2,220