“Өрлеу” бағдарламасы – 2024
Сайт бетінің төменгі жағында орналасқан бағдарлама Ережесімен толық танысып шығуыңызды өтінемін!
Академик Шахмардан Есенова атын. ғылыми білім беру қоры жоғары (бакалавриат) оқу орнының ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге де грантқа ие бола алмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге 10 грант байқауын жариялайды.
Байқауға қазақстандық жоғары оқу орындарында (бакалавриат) одан әрі оқу үшін оқу үлгерімі жақсы (аттестатта бес балдық шкала бойынша 4-тен (төрттен) төмен бағалар не әріптік, пайыздық жүйе бойынша аналогтар болмауы тиіс) немесе GPA деңгейі 2.67 төмен емес, табысы аз отбасылардан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады.
«ÓRLEÝ» (Өрлеу) бағдарламасының байқауына қатысу үшін 2024 жылдың 22 мамыры мен 22 шілдесі аралығында қордың yessenovfoundation.org сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет.
* Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 22 шілдесінде Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де (UTC+5) аяқталады.
Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі керек:
Грантқа үміткердің ата-анасы және (немесе) заңды өкілі үшін міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
- зейнетақы туралы анықтама: жасы, мүгедектігі бойынша (бар болса);
- жәрдемақы туралы анықтама: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыраушысынан айрылу, жұмыссыздық, АӘК және өзге де негіздер бойынша (бар болса);
- кәсiпкерлiк объектiсiнiң болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- грант ізденушінің заңды өкілінен және (немесе) ата-анасынан өтінім берілген күн бойынша зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;
- тұрғын үйдің, автокөліктің, қосалқы шаруашылықтың, т.б. болуы/болмауы туралы ақпарат.
Грантқа үміткер үшін міндетті құжаттар:
- Жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
- Келесілерден тұратын мотивациялық хат (750 сөзден аспайтын):
a. өзіңіз және отбасыңыз, отбасында қанша адам тұратыны туралы ақпарат;
b. қызығушылықтары мен әуестіктері туралы;
c. жетістіктері туралы;
d. оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;
е. білім алу үшін дәл осы мамандықты таңдау себебі;
f. таяудағы 10 жылға арналған жоспарлар туралы.
- Орта мектепті/колледжді бітіргені туралы аттестат/диплом (“жақсы” және “өте жақсы” деген бағаларынан төмен ізденушілердің өтінімдері қаралмайды), ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат (ЖОО-ға түсу үшін), ЖОО студенттері үшін транскрипт;
- Мүгедектігі туралы анықтама (бар болса);
- Балалар үйі немесе жасөспірімдер үйі тәрбиеленушісінің анықтамасы.
Қосымша құжаттар:
- Академиялық жетістіктері үшін грамоталар мен дипломдар – 2 данадан көп емес *;
- Басқа жетістіктері (спорттық, шығармашылық және т.б.) үшін грамоталар мен дипломдар – 2 данадан көп емес*;
- Соңғы үш жылдағы фото: барлық отбасы мүшелері немесе олардың көпшілігі бар отбасылық (соңғы үш жылда) – 2 дана.
Қажет болған жағдайда, Қор қосымша құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.
Көру саны: 1,625