Yessenov Data Lab 2026
САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН.
Yessenov Data Lab 2026 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларын нақты практикалық жұмыстар арқылы үйретуге, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық интенсив.
Мектепті өткізу мерзімі: 2026 жылғы 15 маусым – 10 шілде аралығы, 4 апта.
15–26 маусым – онлайн формат,
29 маусым – 10 шілде – офлайн, Алматы қаласында.
Қатысушылар саны: 20 адам.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ
Бағдарламаға қатысушылар:
18 жастан асқан ҚР азаматтары, бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері, сондай-ақ техникалық және жаратылыстану бағыттарындағы жұмыс істеп жүрген мамандар.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- күшті аналитикалық қабілеттер;
- Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылық пен ниет;
- статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу;
- бағдарламалау негіздерін білу (кез келген бағдарламалау тілінде).
Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек. Ұсынылатын параметрлер:
- CPU Intel Core Gen 7 және одан жоғары, Mac Silicon M1 және одан жоғары;
- RAM (ОЗУ) 6 Гб және одан жоғары.
Артықшылық болып табылады:
- ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
- өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, зерттеу нәтижелері;
- ағылшын тілін B1 деңгейінен жоғары меңгеру.
Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтері пайдаланылуы мүмкін.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 26 наурыздан 28 сәуірге дейін (қоса алғанда).
Өтінімді қордың сайтында толтырып, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- студенттің транскрипті (GPA орташа балы 3.0-ден төмен болмауы қажет). GPA 3.0-ден төмен болған жағдайда өтінімдер қарастырылмайды;
- соттылықтың бар/жоқтығы туралы анықтама;
- транскрипттің (барлық семестрлер) немесе бакалавриат дипломының көшірмесі бағаларымен бірге (магистранттар мен мамандар үшін);
- «Мен деректерді талдауды үйренгім келеді, өйткені…» тақырыбында эссе (кемінде 7 сөйлем, 750 сөзден аспауы тиіс, өңделетін форматта) және өтінім тіліне сәйкес жазылуы тиіс (қазақ, орыс немесе ағылшын);
- түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми/техникалық салаға қызығушылығын көрсететін портфолио:
- олимпиада сертификаттары – 2-ден аспау керек;
- курс сертификаттары – 2-ден аспау керек;
- волонтерлік/қоғамдық белсенділік сертификаттары – 2-ден аспау керек;
- ғылыми жарияланымдар – 2-ден аспау керек;
- жобаларға сілтемелер – 3 мысалдан аспау керек (әрқайсысына қысқаша сипаттама 150 сөзге дейін).
*Қор шектеулі мөлшердегі құжаттарды қарастырады. Үміткер ең маңызды жетістіктерін өзі таңдайды.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 28 сәуір күні сағат 15:00-де (Астана уақыты, GMT+5) аяқталады.
Белгіленген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Көру саны: 255
