­

Yessenov Data Lab 2025

САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН.

Yessenov Data Lab 2025 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық интенсив.

Мектепті өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 маусым – 11 шілде аралығында, 4 апта. 16–27 маусымонлайн формат, 30 маусым – 11 шілде – офлайн, Алматы қаласында.

Қатысушылар саны: 20 адам.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ: Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • күшті аналитикалық қабілеттер;
  • Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылық пен ниет;
  • статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.
  • бағдарламалау негіздерін білу (кез келген бағдарламалау тілінде).

Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек. Ұсынылатын параметрлер:

  • CPU Intel Core Gen 7 және одан жоғары, Mac Silicon M1 және одан жоғары;
  • RAM (ОЗУ) 6 Гб және одан жоғары.

Артықшылық болып табылады:

  • ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
  • өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;
  • B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.

Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтері пайдаланылуы мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы «31» наурыздан бастап «05» мамырға дейін.

Міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • студенттің транскрипті (GPA орташа балы 3.0-ден төмен болмауы қажет). GPA 3.0-ден төмен болған жағдайда өтінімдер қарастырылмайды;
  • соттылықтың бар/жоқтығы туралы анықтама;
  • транскрипттің (барлық семестрлер) немесе бакалавриаттың диплом көшірмесі бағаларымен бірге (магистранттар мен мамандар үшін);
  • «Мен деректерді талдауды үйренгім келеді, өйткені…» тақырыбында эссе (кемінде 7 сөйлем, бірақ 750 сөзден аспауы тиіс). Эссе тек өңделетін Microsoft Word құжатында жіберілуі керек және өтінім берілген тілде – қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жазылуы тиіс;
  • түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  1. Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми/техникалық салаға деген қызығушылығын көрсететін портфолио және оны растайтын құжаттарды ұсыну:
  2. олимпиадаға қатысу/жеңіс үшін берілген сертификаттар – 2 (екі) сертификаттан аспау керек*;
    b. курстардан өту және т.б. растайтын сертификаттар – 2 (екі) сертификаттан аспау керек*;
    c. қоғамдық белсенділік және волонтерлік қызмет үшін берілген сертификаттар – 2 (екі) сертификаттан аспау керек*;
    d. ғылыми жарияланымдар – 2 (екі) жарияланымнан аспау керек*;
    e. қатысқан немесе өз бетінше жүзеге асырған жобаларға сілтемелер – 3 (үш) мысалдан аспау керек (әрбір мысалға 2 фотосурет/парақ скриншоты/веб-сайтқа және/немесе әлеуметтік желілерге сілтеме және 150 сөзден аспайтын мәтіндік түсініктеме қосуға болады) *.

*Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы «05» мамыр күні сағат 15:00-де (Астана уақытымен, GMT+5) аяқталады. Белгіленген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.

Ереже
Downloaded: 7, Size: 0

Көру саны: 130