Yessenov Data Lab 2020
Yessenov Data Lab 2020 жазғы мектебі бұл – қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйретуге, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 5 апталық интенсив.
Мектепті өткізу күні: 2020 жыл 15 маусым –17 шілде. NB ПАНДЕМИЯ САЛДАРЫНАН САБАҚТЫҢ БАСТАЛУЫ 13 ШІЛДЕГЕ АУЫСТЫРЫЛАДЫ.
Сабақ кестесі: жұмыс күндері 9:00 ден 18:00 дейін.
Қатысушылар саны: 20 адам.
Локация: Алматы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. NB ПАНДЕМИЯ САЛДАРЫНАН МЕКТЕП ОНЛАЙН ӨТЕДІ.
.
Мектеп түлектері төмендегідей дағдыларға ие болады:
- Деректерді талдау аясында Python тілінде бағдарламалау
- Статистикалық талдау әдістері
- Деректерді алдын ала өңдеу, оларды кейінгі талдау үшін дайындау (preprocessing)
- Деректерді визуализациялау және оларға тәуелді болу
- Тарихи деректер негізінде болжам жасау
- Оқытудың әртүрлі алгоритмдерін түсіну
- Оқыту моделін дұрыс таңдау
Бағдарламаның шарттары.
Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура студенттері.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Мықты аналитикалық қабілеттер;
2) Тиісті ғылыми салада қызығушылықтың болуы және тиісті растауды ұсыну: жеке ғылыми мақалалар, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және басқалар;
3) Үміткер Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға деген қызығушылығы мен ықыласын көрсетуі тиіс;
4) Статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу;
5) Мыналар басымдылық болады:
- Бағдарламалау білімі;
- Бағдарламалау бойынша курсты бітіргені туралы сертификаттардың немесе техникалық мамандық бойынша бакалавр дипломының (математика, физика, инженерлік Іс) болуы;
- Ағылшын тілін Intermediate (6.0 IELTS/ 80 TOEFL ibt немесе тілді меңгерудің басқа дәлелі) және одан жоғары деңгейде білу
Гранттар саны: 20
Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтерін пайдаланылуы мүмкін.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2020ж. 24 ақпаннан 15 наурызға дейін.
Қордың сайтында өтінімді толтыру және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Транскрипт (барлық семестр) және бағалары бар бакалавриат бітіргені туралы дипломның көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
- “Мен деректерді талдауды үйренгім келеді…” тақырыбына эссе (кемінде 7 сөйлем және 2 беттен артық емес);
- Түйіндеме;
- Ғылыми зерттеулер саласындағы үміткердің жетістіктерін және/немесе нақты ғылыми саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауларды ұсыну: жеке ғылыми мақалалар, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері, және басқалар;
- Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын Сертификат (бар болған жағдайда).
Ескерту: жеңімпаздар өтеусіз негізде оқиды. Алматы қаласынан тыс жерде тұратын жеңімпаздарға қор Қазақстан ішінде Алматы қаласына дейін және кері авиа ұшуға шығыстардың орнын толтыру үшін демеушілік көмек ұсынады, Олардың бағдарламаны өткізу кезеңінде тұруын және тамақтануын немесе ақшалай баламаны қамтамасыз етеді.
Көру саны: 236