Yessenov Data Lab 2019
Мектептің өту мерзімі: 2019 ж. 10 маусым – 2 тамыз. Кесте: дүйсенбі-жұма, 09:00-18:00
Қатысушылар саны: 25 адам. Өту мекенжайы: Алматы, AlmaU
Жазғы мектептің түлектері келесідей құзіреттерді иеленеді:
- Деректерді талдау аясында Python тілінде бағдарламалау;
- Деректерді алдынала өңдеп, кейінгі талдауға даярлау (preprocessing)
- Деректерді көрімдеу және олардың арасындағы тәуелділікті табу
- Тарихи деректердің негізінде болжам құру
- Оқытудың түрлі алгоритмдерін түсіну
- Оқытудың дұрыс моделін таңдау
- Нейронды желілердің жұмысын түбегейлі түсіну
Бағдарлама шарттары
Бағдарлама қатысушылары: Мықты аналитикалық дағдылары және сызықтық алгебра мен статистикада негізгі білімі бар Қазақстан Республикасының 18 жастан жоғары азаматтары, бакалавриат, магистратура немесе докторантура студенттері, жұмыс істейтін кәсіпқойлар болуы мүмкін.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Мықты аналитикалық қабілеттілік;
- Статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу;
- Мыналар басымдылық болады:
- Бағдарламалау икемдері;
- Басқару жүйелерін білу (git/ svn/ басқалар), command line/ssh, testing, developer methodologies (Agile/spiral/…), AWS/Azure/…секілді бұлттық қоймалармен таныс болу;
- Бағдарламалау бойынша курсты бітіру туралы сертификаттардың немесе информатика немесе басқа да техникалық мамандық бойынша (математика, физика, инженерлік іс) бакалавр дипломының бар болуы;
- Ағылшын тілін Intermediate деңгейінде (6.5 IELTS/ 90 TOEFL ibt немесе тіл меңгеруінің басқа дәлелі) және одан жоғары меңгеру.
Грант көлемі: 25. Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі пайдаланылуы мүмкін.
Алматы қаласынан тыс жерде тұратын жеңімпаздарға қор Қазақстан ішінде Алматы қаласына дейін және кері авиа ұшуға шығыстардың орнын толтыру үшін демеушілік көмек ұсынады, олардың Бағдарламаны өткізу кезеңіне тұруын және тамақтануын немесе ақшалай баламаны қамтамасыз етеді.
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- Дипломдардың, курстардан өту (бағдарламалау, статистика және т.с.с), математика, информатика және басқа техникалық пәндер бойынша олимпиадаларға қатысу туралы сертификаттардың көшірмелері;
- Бакалавриатты бітіру туралы дипломның бағалармен қоса (магистранттар мен мамандар үшін) және транскриптінің көшірмесін (барлық семестрлер);
- «Мен мына мақсат үшін деректердңі талдауын үйренгім келеді…» тақырыбы бойынша эссе (2 беттен көп емес);
- Кандидаттың ІТ саласындағы жетістіктерін көрсететін портфолио бар түйіндеме (бар болған жағдайда);
- Қосқан үлесі 50% – дан астам бір жобаға (мысалы, GitHub) сілтеме (бар болған жағдайда);
- Ағылшын тілін меңгеруді растайтын сертификат (бар болған жағдайда).
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 ж. 4 наурыз бен 31 наурыз аралығы.
Өтінім пен қажетті құжаттарды Қордың электрондық поштасына жіберіңіздер: info@yessenovfoundation.org
Көру саны: 240