АҚШтың IT-стартаптарында тағылымдамаларды алу – 2016

Бағдарлама студенттердің инновациялық технологиялар саласындағы білім алу, ғылыми, қоғамдық жұмыстарын ынталандыруды, аталған салада студенттердің кәсіби дағды-машықтарын дамытуды, сондай-ақ Қазақстандық стартаптарды сүйемелдеуді көздейді. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда ақпараттық технологияларды ең үздік қазақстандық мамандарға қолдау жасау және оларда заманауи қоғамда сұранысқа ие біліктіліктерді дамыту арқылы демеп отыру.

Бағдарламаның талаптары:

Кім қатыса алады: ҚРның жасы 18-ге толған азаматтары, ақпараттық технологиялар саласы бойынша магистратура студенттері, әрекетегі кәсіпқойлар.

Жалпы талаптар:

– Ағылшын тілін Upper intermediate (7.0 IELTS/100 TOEFL ibt деңгейінде меңгеруі немесе тілді меңгеруін растайтын өзге дәлелдеме);

– Басқару жүйлерін (git/ svn/ өзгелер), command line/ssh, testing, developer methodologies (Agile/spiral/…) меңгеруі, cloud-пен (AWS/Azure/…) жұмыс істеуі;

– Жұмыс тәжірибесі 1 жылдан бастап;

– Информатика мамандығы бойынша бакалавр немесе өзге техникалық мамандық (математика, физика, инженерлік іс) дипломы бар болса артықшылық.

Гранттардың саны: 5

Қажетті құжаттар:

  1. Толтырылған өтінім;
  2. Түйіндеме;
  3. Жеке куәлік сканы;
  4. Мүдделікті таныту хаты;
  5. Ұсынымдар;
  6. Өзіңіздің ІТ саласындағы жетістіктеріңізбен таныстыратын толыққанды портфолио;
  7. Қосымша курстардан өту сертификаттары.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 31.03.2016-ж дейін

Ескертпелер: Құжаттардың толық жиынтығы бар өтінімді Қордың электрондық адресіне жолдау қажет: info@vessenovfoundation.org.

Бағдарламаға қатысты құжаттар:

Көру саны: 165