Ағылшын тілі бағдарламасы, 2013-2014

2013-2014-жылдары бағдарлама алғаш рет Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы КМТИУ университетінде жүзеге асырылды. Жыл бойында «Мұнай мен газ» және «Көлік пен құрылыс» факультеттерінің 60 студенті мен оқытушылары беделді Bonas MacFarlane халықаралық мектебінің оқытушыларынан білім алды.

Бағдарламаның соңында бағдарламаға қатысушылар бағдарлама туралы өз лебіздерімен бөлісті.

Ермаганбетова Нұрзада, магистратура 2 курс, педагогика

Марктың сабақтары менің өзіме ұнайды, әсіресе методикасы мықты, сабақ қызықты, бір минут уақытымыз да бос өтпейді, бір жарым сағат бойы белсенді жұмыс істейміз. Осының барлығы қолынан қалай келетініне таң қаламын. Жеке өзім аз уақыт болса да, біраз нәрсені үйреніп қалдым. Талқылайтын тақырыптар ағылшын тілі мұғаліміне нағыз керек нәрселер деп ойлаймын.  Кейбір тақырыптарды университетте өткенбіз, алайда тек теория ғана болған, ал Марктың сабағында бәріне практика жүзінде көзіңді жеткізесің. Сонымен қатар бұрын білмеген әдістеріміз де бар. Алып қосар немесе ұсынысым жоқ әзірге

Феоктистова Елена, шетел тілдері кафедрасының доценті, академиялық мобильділік бөлімінің бастығы

Біздің оқытушылар үшін осындай, Марктың қатысуымен өтетін курстарды ұымдастырғандарыңыз үшін Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Менің пікірімше, осы курстар өте пайдалы әрі нәтижелі. Алған білімдерімді және тәжірибелерімді күн сайын қолданып жүрмін. Жақында мені облыстық БЖИ-на мектеп мұғалімдері үшін лекцияларды оқуға шақырды, алған білімдерімнің пайдасы өте үлкен болды.

Бисембаева Әйгерім, 1-курс студенті, “Мұнай мен газ” факультеті

Томның сабақтары өте қызықты өтеді. Ағылшын тілін тікелей ағылшын тілін жетік білетін адамның көмегімен үйрену ең нәтижелі әрі пайдалы әдіс. Жаңа, бұрын оқытушылар түсінік бермеген, ережелермен танысудамын. Томның дәрістері ауызша әңгімелесу, естіп ұғыну дағдыларын дамытуға қолғабыс, онымен қоса психологиялық және тіл тосқауылдарын жеңуге жәрдемдеседі.

Темиров Нысанбек, студент 3 курса, факультета нефти и газа

Менің армандарымның бірі, мақсатыма жетудегі баспалдағымның бірі ағылшын тілін тез және озық үйрену еді. Арманым бүгінгі күні Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім қоры арқасында iске асып отыр. Ағылшын тілі сабағы өз жүйесімен өтіп жатыр. Сабақты жүргізіп жүрген Tom Ewens ағайымыз да сабақты ұқыпты, түсінінкті етіп жүргізеді. Менің ағылшын тілін білу деңгейім бұрынғыдан жақсарып келеді. Осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылса екен деймін. Бұл шараны ұйымдастырған аға-апаларымызға алғысым шексіз!!!

Көру саны: 264