Үстірт құпиясы
Кітаптың негізі Марғұлан Сейсембай бастаған “Үстірт құпиясы” экспедициясының материалдары. Туған өлкесінің табиғатына ғашық болған 97 джиптегі 250-ден астам саяхатшы 7 күн ішінде түбектерді аралап, оның аты аңызға айналған табиғи және қолдан жасалған ескерткіштеріне барып, өңірдің қонақжай тұрғындарымен танысты.
Кітап сізге Маңғыстау өңірін ашуға көмектеседі деп үміттенеміз. Оқырмандар “Үстірт құпиясы” жолсілтемесінен поштамен жіберілетін фото-ашық хаттарды, экспедиция картасын, жолға кеңестер мен көрікті жерлердің қысқаша сипаттамасын таба алады. Басылымда экспедицияға қатысушылардың жоғары сапалы суреттері қолданылған.
“Үстірт құпиясы” жолсілтемесі қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 1000 данамен шығарылды. Сондай-ақ сатылымда сыйлық нұсқалары бар.
Көру саны: 354