Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов

Көрнекті қазақстандық ғалым және саяси қайраткер, ҚазКСР ҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Ш.Есеновтің ісін жалғастырып келе жатқан академик Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының бастамашысы, құрылтайшысы және негізін қалаушысы.

Қазақстандық бизнесмен, Jýsan Bank-тің ірі акционері.

«Еуразиялық нарық институты» экономика және басқару академиясын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, КАЗГЮУ университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Бут атын. бизнес мектебінің (The University of Chicago Booth School of Business) Executive MBA бағдарламасын тәмамдаған.

 

Ғалымжан Есенов – «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының  Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және 2014 жылдан бастап қорды қаржыландырып келеді. «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры – 2013 жылдан бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мен жыл сайын балалар үйіне түсетін сәбилер санын азайту мақсатында өзінің қызметін жүзеге асырып келе жатқан қайырымдылық қоры. Қор елдегі әлеуметтік жетімдікті қысқарту бойынша нақты шаралар қабылдауда. Ең бастысы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға  жанұяда өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.