4 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ IESO ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ШЫҒАДЫ
Астанада IESO (Inernational Earth Science Olympiad) 2024 атты Жер туралы халықаралық олимпиадасына қатысу үшін мектеп оқушыларынан тұратын ұлттық командаға іріктеу аяқталды. Ол жазда Пекин қаласында өтеді, оған Қазақстан атынан төрт жоғары сынып оқушысы қатысады.
Байқау 27 қаңтардан бастап өтті. Оған еліміздің әртүрлі орта мектептерінен 113 үміткер жіберілді. Іріктеудің маңызды критерийлерінің арасында келесілер болды: ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде білу, геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия саласындағы тамаша білім, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттер мен балалардың командада жұмыс істеу қабілеті. Іріктеуді ұйымдастырушылар, яғни «Жас геолог» қорының өкілдері, сонымен бірге Nazarbayev University өкілдері мен Қазақстан командасының IESO-ға қатысуының демеушісі Shakhmardan Yessenov Foundation өткізді.
Moodle платформасында өткен геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия бойынша ағылшын тіліндегі онлайн тесттен кейін финалға ең көп ұпай жинаған 8 оқушы іріктелді. Екінші кезең 7 ақпан күні Microsoft Teams платформасы көмегімен онлайн форматында өтті. Финалистермен өткізілген сұхбаттан (ағылшын тілінде) кейін IESO 2024 олимпиадасында Қазақстанды таныстыратын төрт қатысушы іріктелді.
– Балалар Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып қана қоймай, өздері үшін үлкен тәжірибе алатынына сенімдіміз. IESO-ға қатысу олардың ой-өрісін кеңейтеді, басқа елдерде мүдделері ұқсас достар табуға көмектеседі, болашақ мамандықты таңдауға әсер етеді және икемді дағдыларын дамытады , – деп хабарлады «Жас геолог» КҚ директоры Жанат Исмаилова.
– Біз қазақстандық команданың қатысуын 2017 жылдан бері қолдап келеміз, үзілісті тек пандемия кезінде жасадық, ол кезде IESO онлайн форматында өткен болатын. Биыл әлемнің түрлі елдерінен келген құрдастарымен бірге балалардың өз білімдерін көрсете алатын далалық оқу сапарын қаржыландыратынымызға қуаныштымыз», – деп сенімділікпен айтты Шахмардан Есенов ат. ғылыми білім беру қорының бағдарламалар үйлестірушісі Айгерім Султан.
Ұлттық іріктеу жеңімпаздары: Бекарыс Ташмуханбет (77 баллов), Эстер Амракулова (76), Әлім Әнуар (75) және Айтөле Нұрахан (73). Павлодарлық Әлім Әнуардан басқа қалғанының барлығы Алматының түрлі мектептерінің оқушылары. Осы жылдың ақпанынан бастап шілде айына дейін «Жас геолог» қорының қызметкерлері Nazarbayev University Тау-кен ісі мектебінің профессорлары мен магистранттарының қатысуымен финалистер үшін олимпиадаға дайындықты онлайн форматында жүргізеді.
14 жастағы 9-сынып оқушысы Эстер Амракулова геология және сейсмология пәндеріне қызығушылық танытып, ағылшын тілінен бөлек испан тілін де оқиды.
– Геологияға қызығатын себебім: осы ғылым арқылы Жеріміздің қалыптасу процесін тереңірек түсіне аламын. Ал сейсмологияда жер сілкінісі мен планетаның ішкі құрылымдарын талдау арқылы табиғи апаттар кезінде адамдардың қауіпсіздігін арттыруға болады, – деп бөлісті Эстер.
Байқаудың тағы бір жеңімпазы Әнуар Әлім – спидкубингпен айналысып, Рубик текшесін құрастыруға және жылдамдыққа бағытталған ұқсас басқатырғыштарға қызығады.
– Бұл миды, есте сақтауды, логиканы, реакцияны және ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі және гаджеттердің пайдалы баламасы болып табылады. Ғылымдардың ішінде динозаврларға деген сүйіспеншілігімнің арқасында маған палеонтология ұнайды. Бала кезімде олар туралы көптеген деректі фильмдерді көріп, қызығушылық танытып, олар туралы оқи бастадым. Болашақта оларды зерттеймін деп ойлаймын, – деді Әнуар.
Жер туралы ғылымдар бойынша оқушылардың халықаралық олимпиадасы 8-16 тамыз аралығында Қытайдың Пекин қаласында болып өтеді.
9.02.24, Жаңалықтар
Көру саны: 452