164 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫП ЖАТЫР
Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасы бойынша алғашқы оқу жылы басталды. Биыл көктемде аймақтық университет осы қазақстандық қайырымдылық қорының грантын жеңіп алып, екі жылдық бағдарлама аясында 300-ден астам студенттері мен оқытушыларын оқыту құқығына ие болды. Қордың бағдарламалар менеджері Айгерім Султан 164 студентті бағдарламаға іріктеу қалай өткенін және олардың оқуының қалай басталғаны туралы айтады.
Байқау қашан және қалай өтті?
Байқауды келісімшарттың шарттарына сәйкес оқу орнының өзі өткізді. Іріктеу қыркүйек айында іске асырылды. Өтінімдер жиналып, аталмыш бағдарлама бойынша серіктесіміз Bonas MacFarlane Kazakhstan платформасы арқылы үміткерлерге онлайн тестілеу жүргізілді. Кейін жеңімпаздар таңдалып, сабақ кестесі құрылып, бағдарлама қатысушыларымен демеушілік көмек туралы келісімшарттар жасала бастады. Байқауға 270-тен астам өтінім келіп түсті, олардың ішінде 120-сы оқытушылар мен докторанттардан, ал 155-і бакалавриат және магистратура студенттерінен болды.
Нәтижелер қандай, бағдарлама бойынша қанша қатысушы білім алуды бастады?
Нәтижелер келесідей. Таңдаудан өткен 67 адам A1 деңгейінде, 63 – A2, 21- B1 және тек 13 – B2 деңгейінде оқуда. Таңдалған 200 қатысушының 164-і бағдарламаға қатысып жатыр. Бұдан бөлек, оқу орнының ректорына дейінгі топ-менеджменті де ағылшын тілін жетілдіруде.
Қатысушылардың бағдарламадан шығу себептері неде?
Мәселе мынада, ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмен болуына байланысты, байқау барысында іріктелген студенттердің бір бөлігі оқытушының тілін түсінбегендіктен, бағдарламадан шығуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысуды жұмыс немесе оқуымен үйлестіре алмаған іріктеуден өткендер де бағдарламадан шықты.
Сабақтар қалай өтуде?
Оқу 7 қазанда басталды. Жұмысты ана тілінде сөйлейтін 2 оқытушы жүргізуде. Олар сертификатталған кәсіби оқытушылар Кортни Бэйли (Courtney Bailey) мен Энтони Грэм Дюррант (Antony Graham Durrant). Оқыту Google Meet платформасында кеңейтілген нұсқада жүргізіледі, ШҚТУ ұсынған кеңейтілген нұсқасы қолданылуда. Yessenov Foundation университетке 700-дей оқу материалдарын – оқулықтар, кітаптар, жұмыс дәптерлерін ұсынды. Сонымен қатар, магистранттар мен докторанттарға ғылыми жұмыстарды ағылшын тілінде жазу бойынша ай сайын сабақтар өткізу жоспарлануда. Оқуды PhD дәрежесі бар Кортни Бэйли жүргізетін болады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, бірінші айдың ішінде қатысушылар топ пен деңгейді ауыстыру мүмкіндігіне ие болды, бұл процесті біз бақылауда ұстап отырмыз. Қатысу мен сабақ кестесін күнделікті бақылау жүргізіледі. Сабақтар аптасына екі рет 90 минуттан өтеді, ал оқу жылы мамыр айында аяқталады.
Энтони Дюррант бұған дейін де бағдарламаға қатысқан еді, атап айтқанда Kozybayev University-де. Ол және жаңа оқытушы Кортни Бэйли туралы айтып берсеңіз.
Энтони Дюррант – іскерлік ағылшын тілін оқытуға маманданған оқытушы. Оның жасы 59-да, Ұлыбритания азаматы, ағылшын тілі бакалавры дәрежесі бар және ағылшын тілін оқыту саласындағы біліктілігін растайтын CELTA және DELTA сертификаттарына ие. Дюррант Сауд Арабиясы, Түркия, Оман, Греция сияқты елдердегі оқу орындарында сабақ берген. 2016 жылдан бері Agrocosta институтында іскерлік ағылшын тілі бойынша кеңесші және Oxford Test in English емтиханының емтиханшысы болып жұмыс істейді. Оның кәсіби тәжірибесі 30 жылдан асады.
Кортни Бэйли – ғылым кандидаты, ол 10 жылдан астам уақыт бойы тіл оқытушысы ретінде жұмыс істейді. Кортни ағылшын тілінің мұғалімі болып қызмет атқарған, мұғалімдерді оқытушы ретінде тәжірибесі бар және білім беруде инклюзия мен жасанды интеллектті қолдануды қолдайды. Ол әртүрлі оқу орындарында және ұйымдарда жұмыс істеді, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірнеше университеттермен бірлескен бағдарламасында ағылшын тілі бойынша кеңесші болған. Оның тәжірибесі мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі салаларды қамтиды.
Yessenov Foundation бағдарламаның аяқталуына қарай қандай нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлап отыр?
Біз студенттер мен оқытушылардың ағылшын тіліндегі білімі орта есеппен бір деңгейге артады деп жоспарлап отырмыз. Жыл сайын біз 160 грант бөлеміз, бұл университетте 300-ден астам студент пен қызметкердің ағылшын тілін жақсартуына мүмкіндік береді. Бағдарламаның үздік 50 қатысушысына IELTS емтиханының тапсыру ақысын төлейміз.
Айта кетейік, ағылшын тілі бағдарламасы академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорында 2013 жылы басталған. Содан бері ол Ақтаудағы Есенов атындағы ҚМУ (қазіргі Yessenov University), Қызылордадағы Қорқыт-Ата атындағы университетте, Қарағанды медициналық университетінде және Петропавлдағы Козыбаев атындағы СҚМУ–де (Kozybauev University) жүргізілді. Бағдарламаға қатысу арқылы Қазақстанның 1100-ден астам студенттері мен оқытушылары ағылшын тілін жетілдіре алды. Өскемендегі университет (Серікбаев атындағы ШҚТУ) бағдарламаға қатысатын бесінші аймақтық жоғары оқу орны болып табылады, бағдарлама 2024-2026 жылдары жүзеге асырылмақ.
7.11.24, Жаңалықтар
Көру саны: 144