11 ЖЕҢІМПАЗ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры жазғы ғылыми тағылымдамадан өту үшін арналған байқауын тәмамдады. Байқау  11 жеңімпаз студентті анықтады.

Қордың жаңа грант алушыларының қатарында Назарбаев Университеті мен Сүлейман Демирел УниверситетіСемей қаласының Мемлекеттік медицина университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, және де Қазақстан-Британ техникалық университетінің білімгерлері бар. Жеңімпаздар өздері таңдаған шетелдік жоғарғы оқу орындарының зертханаларына осы жылдың мамыр-тамыз айларында ғылыми ізденістерімен айналасуға баратын болады.

Еске саларлық, байқау 2016-жылдың қазан айында басталды. Желтоқсанның ортасына қарай құжаттарды қабылдау аяқталысымен келесі сатының финалистерін іріктеу жүргізілді. Байқаудың екінші (финалдық) сатысына жолдаманы 38 үміткер иеленді. Қаңтардың 13 және 14 жұлдыздарында қордың мамандары қорытынды кезеңді Алматы және Астана қалаларында өткізді.

– Бірінші турда біз студенттерді тапсырылған құжаттар негізінде, соның ішінде олардың үлгерімі, ғылыми жұмыстары, эссе мен мінездемесіне көңіл бөліп іріктеу жүргізсек, финалда үміткерлердің психологиялық және жеке басының қадір-қасиеттерін тренер-психологпен жүргізілетін ойын түрінде тестіледік, – деп бағдарламаның үйлестірушісі Ильзира Алдагарова баяндады.

Осындай ойын барысында үміткерлердің қатысу мақсаты мен себебін, ер жету дәрежесін, коммуникативтік дағдыларын, басқа да қасиеттерді айқындайтын тапсырмалар беріледі. Соңғы турдың нәтижелеріне сүйене отырып жеңімпаздардың есімдері анықталды.

– Әдетте 10 жеңімпаз іріктесек, биыл 11 студентті қабылдауды бұйырдық. Әрине, бағдарламының бюджетін тиісті сомаға да ұлғайттық. Жастарымыз жайлы айтсам, олар – талантты, болашағы зор дарындар.  Іріктеу жүргізген мамандардың айтуынша, оларды астаналық студенттердің ғылыми жұмыстарының саны мен сапасы таң қалдырса, алматылық құрбыларының тұлғалық қасиеттерін қуана айтты, – деп қордың атқарушы директоры Айганым Малишева сұхбаттасты.

Жеңімпаздар тізімі ресми жарияланғаннан соң, студенттердің қорытынды даярлау сатысы басталады – бұл лайықты зертхананы іздеп, визаға құжаттарды тапсыру.  Алғашқы студент ғылыми тағылымдамаға мамырдың соңында ұшып кетеді деп жоспарлануда.

17.01.17, Жаңалықтар

Көру саны: 132

Другие новости