Жеке тиімділікті арттыру

Қор өзінің жаңа бағдарламасының ең үздік идеясына конкурс жариялайды. Қордың миссиясын басшылыққа алып, Біз Қазақстан үшін жаңа, тиімді әрі өзекті бағдарламаларды жүзеге асырғымыз келеді. Бағдарлама Қордың миссиясына – Қазақстанның зияткерлік әлеетін дамыту ісіне – ұйымның мақсатты жұмысына – сай болуы тиіс. Қордың қолданыстағы бағдарламаларымен толығырақ мына сайтта танысуға болады: yessenovfoundation.org.

Бағдарламалардың ықтималды бағыттары:

  1. мектеп оқушыларының ғылымға ынта-қызығушылығын күшейту;
  2. студенттердің ғылымға ынта-қызығушылығын күшейту;
  3. жас ғалымдарды демеу;
  4. ҚРнда ғылымның дамуын сүйемелдеу;
  5. мектеп оқушыларының Жаратылыстану-ғылыми дайындық және техникалық мамандықтар бағыттарында білім алуын сүйемелдеу;
  6. студенттердің Жаратылыстану-ғылыми дайындық және техникалық мамандықтар бағыттарында білім алуын сүйемелдеу;

Қазақстанда қазіргі таңда және таяу арада жүзеге асыру үшін өзекті жобаларға артықшылық беріледі.

Конкурсқа кім қатыса алады:. Конкурсқа қатысу үшін Өзіңіз ұсынатын жобаның төлқұжатын нысанға сәйкес толтырып, мына имейлге 28-ақпан сағат 23:59 дейін жіберу қажет: info@yessenovfoundation.org.

Кім қатыса алады: ҚРның жасы 18-ге толған азаматтары.

Қажетті құжаттар:

Өзіңіз ұсынатын жобаның нысанға сәйкес толтырылған төлқұжаты

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 28.02.2017-ж дейін

Ескертпелер: Өтінімді Қордың электрондық адресіне жолдау қажет: info@vessenovfoundation.org.

Бағдарламаға қатысты құжаттар:

Көру саны: 948