Аяулым Дүйсен
Мамандығы: Көлік логистикасы және тасымалдауды ұйымдастыру. Ағылшын тілі бағдарламасының қатысушысы.
Өскемендік Аяулым бойжеткен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-тің Халықаралық инженерия мектебінде магистратурада оқиды. Өткен жылдың қыркүйегінде ол ағылшын тілі бағдарламасына іріктеуден өтті. Оны Шығыс Қазақстан ЖОО-да Shakhmardan Yessenov Foundation жүзеге асырады. Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану жөніндегі маманға бағдарламада оқу бір жыл ішінде қандай нәтиже берді?
Аяулым, сіз неліктен логистиканы таңдадыңыз?
Бәрі өте қарапайым: мектеп қабырғасында география мен математиканы жақсы көрдім. Ал логистика – бұл олардың нақты өмірдегі қиылысу нүктесі. Бұл жүйелі ойлау, санау, талдау, процестерді құру қажет сұранысқа ие сала. Оның үстіне логистика қосымша шығындарды — ақша мен ресурстарды азайтуға көмектеседі. Үнемді және тіпті экологиялық таза тәсіл маған жақын сала. Магистратурада әрі қарай қозғалыс қауіпсіздігіне тереңірек үңілдім. Бұл жауапкершілік пен құрылым және де бұл менің ішкі дүниеммен үйлеседі.
Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасына өтініш беруге не түрткі болды?
Көптен бері ағылшын тілін үйреніп келемін, бірақ жанды тілдесудің жоқтығын сезіндім. Қордың ана тілінде сөйлейтін курсты бастағанын естігенімде, ұзақ ойланбадым. Бұл оқулықтар шеңберінен шығуға, сенімді сөйлеуге, тілді табиғи ырғағында естуді үйренуге мүмкіндік. Расында бағдарлама барлық үмітімді ақтады.
Сіздің тіл үйренуіңіз неден басталды? Бағдарламада бір жыл қалай өтті?
Ағылшын тілімен менің таныстығым 10-сыныптан басталады — алдымен курстар, кейін speaking club, одан соң жеке сабақтар болды. Ал қор бағдарламасы аясында бұл оқу жүйелі сипатқа ие болды. Бізді тіл деңгейімізге қарай топтарға бөлді, мен Upper Intermediate деңгейімен IELTS-ке дайындық тобына түстім. Онда біз емтиханның әр бөлігін кезең-кезеңімен меңгердік: эссе жазып, мұғалімнен кері байланыс пен кеңестер алдық. Ол бізге тек тіл үйретіп қана қойған жоқ, емтиханды сәтті тапсыруға арналған лайфхактармен де бөлісті. Соның арқасында мен ойымды жазбаша анағұрлым тұтас жеткізуді, ал ауызша еркін сөйлеуді үйрене бастадым.
IELTS емтиханын не үшін тапсырдыңыз?
Негізі мен докторантураға түсуді жоспарлап отырмын, IELTS-сіз түсуге болмайды. Бағдарлама маған тартылуға көмектесті, ал белсенді қатысу және табысты оқу Yessenov Foundation есебінен емтиханды тегін тапсыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде – 5,5. Бұл жеткілікті. Мен өзім осылай дайындала алмас едім. Бұл жай ғана бағдарлама емес, бұл трамплин.
Аяулым, сабақтан тыс мезгілде немен айналысасыз?
Мен кітапқұмармын. Кітаптарды талқылауды, олар туралы жаңа нәрселерді білуді, әсерлеріммен бөлісуді ұнатамын. Бірнеше жылдан бері екі кітап клубында мүшемін: бірі — Өскеменде, екіншісі — онлайн, Санкт-Петербургте. Саяхатты жақсы көремін. Көрікті жерлерді көріп қана қоймай, жердің рухын сезініп, оның сәулеті туралы біліп, жергілікті тұрғындармен сөйлескім келеді. Жолда ол ағылшын тілін үйренудің және басқа тілдерден бірнеше жаңа сөздерді үйренудің ең жақсы тәсілі.
Қазір өміріңізде не болып жатыр және алдағы жылдардан не күтесіз?
Тек магистратураны қорғап шықтым, мамандығым бойынша жұмыс іздеп жүрмін. Қазақстандағы халықаралық компанияға жұмысқа орналасқым келеді. Ол үшін қазақ және іскерлік ағылшын тілдерін жақсартамын. Алда – экономика бойынша докторантура. Мақсат оңай емес, алайда оған шындап кірісемін. Егер мақсатқа қадамдап жетсеңіз, тіпті ең өр жоспарларға да қол жеткізуге болады.
21.07.25, Жетістік тарихы
Көру саны: 563


