Yessenov Data Lab 2024

САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН.

Yessenov Data Lab 2024 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық интенсив.

Мектепті өткізу мерзімі: 17 маусым – 13 шілде 2024. (*3 апта онлайн – 17 маусымнан 5 шілдеге дейін және бір апта оффлайн форматта – 8-13 шілде аралығында Алматы қаласында өтеді.)

Қатысушылар саны: 20 адам.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ: Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • күшті аналитикалық қабілеттер;
  • Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуға және/немесе IT технологияларды дамытуға қызығушылық пен ниет;
  • статистика және сызықтық алгебра негіздерін білу.
  • бағдарламалау негіздерін білу (кез келген бағдарламалау тілінде).

Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек. Ұсынылатын параметрлер:

  • CPU Intel Core Gen 7 және одан жоғары, Mac Silicon M1 және одан жоғары;
  • RAM (ОЗУ) 6 Гб және одан жоғары.

Артықшылық болып табылады:

  • ғылыми салада қызығушылықтың болуы;
  • өзінің ғылыми мақалалары, материалдары, кез келген зерттеулердің нәтижелері, және басқалары;
  • B1 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу.

Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтері пайдаланылуы мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 ж. 14 наурыздан 17 сәуірге дейін.

Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
  3. «Мен деректерді талдауды келесідей мақсатта үйренгім келеді…» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);
  4. Түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  1. Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және де тиісті растауларды ұсыну қажет:
  2. курстардан өту – 2 құжаттан артық емес*;
  3. жеке ғылыми мақалалар – 2 құжаттан артық емес*;
  4. олимпиадаларға және/немесе конференцияларға қатысу – 2 құжаттан артық емес*;
  5. мақалалар, материалдар, кез келген зерттеулердің нәтижелері.
  6. ағылшын тілін меңгергенін растайтын Сертификат (бар болған жағдайда).

*Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың «17» сәуірінде Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (UTC+5).
Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Ереже
Downloaded: 71, Size: 512.7 KB
Жеңімпаздар тізімі
Downloaded: 64, Size: 17.2 KB

Көру саны: 1,288