Студенттер мен оқытушыларды ағылшын тіліне гранттық оқыту  бағдарламасы, 2018-2019

1-қазаннан бастап Қызылорда Мемлекеттік университетінде ағылшын тілі бағдарламасының екінші оқу жылы басталады.  Бағдарлама аясында аталмыш университеттің 120 студенттері мен оқытушылары байқау негізінде ағылшын тілін  оқуға мүмкіндік алады. Бағдарлама ұзақтығы 9 ай.  Жыл соңында ағылшын тілін оқыған студенттер мен оқытушылар халықаралық  дәрежедегі  сертификаттар алады,  ал  ең үздік көрсеткіш көрсеткен тіл үйренушілер тегін IELTS тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Ағылшын тілін үйрену Ұлыбританияның біліктілігі жоғары оқытушыларының басшылығымен жүзеге асырылады. Байқауға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың  2,3,4 курс студенттері ғана қатыса алады.  Жалпы алғанда, бағдарлама аясында 120 грант, оның 30 гранты оқытушыларға,  50 гранты  көп тілді мамандықтардың студенттеріне, ал қалған 40 грант университеттің басқа факультеттерінің студенттеріне бөлінеді.

Егер де Сіз Қорқыт Ата атын. ҚМУ білім алып жатсаңыз, ағылшын тілі деңгейін айтарлықтай жақсартуды қаласаңыз және де табысты мансап құруды ойласаңыз байқауға Сіздің өтініміңізді күтеміз!

Өтінімдер 2018 жылдың 17-21 қыркүйегі  аралығында халықаралық қатынастар кеңсесінде қабылданады.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыз:  +7 701 627 9607 (Айгерім), +7 771 718 7101 (Нұрсұлтан).

Өтінім
Downloaded: 204, Size: 17.0 KB

Көру саны: 157